2016 жылдың 11 сәуірінде шетел тілдері факультетінде студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы «Ғылым жас зерттеуші көзімен» болып өтті. Дәстүр бойынша, конференцияның ашылу барысында ҚМПИ конференция залындапленарлық отырыс өткізілді. Құттықтау сөзді ШТФ деканы ф.ғ.к., доцент Е.Л.Дорошок , Кудрицкая Марина Ивановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі., Оспанова Айша Султановна - доцент ВАК, ҚМПИ профессоры.,Исмагулова Гульнар Кульмухамбетовна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент сөз сөйледі.
2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылы оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында жиналыс өткізді, практика бөлімінің бастығы және жұмыспен қамтамасыз етуші Нурушева А.Б. шақырылды. Ол оқу бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында негізгі талаптарға және ережелерге ақпарат беріп кетті.
Айтыс десе арқасы қозар қазақ емес пе едік? Сәуір айының 8 жұлдызында жыр алыбы Жамбыл атамыздың 170 жылдығына арналған айтыс болды. Айтысқа Қостанай облысының тұлпардай жүйрік, таудай талантты, даладай кең жас ақындары қатысты.
Бүгін 2016 жылдың 5 сәуірінде шетел тілдері кафедрасы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінен сәлемдеме алды. Оқытушылыр мен студенттердің қатысуымен ұзақ күтілген сәлемдеме ашылды. Кітаптар, журналдар, дискілер және карталар біздің қорда оқыту материалдары үшін таптырмас қосымша болды. Көптеген әдебиеттер облыстық конференцияға қатысушыларға ағылшын тілінің мұғалімдеріне және студенттеріне, студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға жүлде ретінде тапсырылады.
2016 жылдың 4 сәүірінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушылары Абишева С.К. мен Ловцова Д.П. ««Педагогика және психология», «Химия» мамандықтарының 3 курс студенттерімен Қазақстан халықтарының достығы» зияткерлік ойының өткізді. Зияткерлік ойының мақсаты Отанына деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімі мен Қазақстан Республикасы халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
Қостанайға көктем кеш келгені, қала жұртшылығына белгілі. Көктем айының шуағы мен жылулығын сағынған студенттер сарылып жүрген кез. Наурыз айының 31-нде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері көптен күткен көктем лебін сезінді.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсынан 2015-2016 оқу жылдарында институт оқытушылары біліктіліктерін арттырып, ІІІ дәрежелі тренер куәліктерін иеленді.
28 наурызда 2016 жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің Физико-математика лицейінде» облыс мұғалімдерінің қатысуымен, Т.Е. Даулетбаев атындағы «Білім сапасын арттыруда – мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру және дамыту маңызды шарт» атты Аймақтық педагогикалық ғылыми-практикалық конференциясының V қорытынды кезеңі өтті. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Карбенова Зауре Оразбекқызы «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясының модераторы болды.
2016 жылдың 24 наурыз айында тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы Ловцова Д.П. «Наурыз- бірліктің мерекесі» интеллектуалды ойының «Математика», «Информатика» мамандықтарының 3 курс студенттерімен өткізді. Интеллектуалды ойынның мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын ұлықтау, ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, Наурызда берілетін бата-тілектердің мән мағынасын ашу, ұлттық дәстүрді құрмет тұту және мамандықтары бойынша білімдерін толықтыру.
2016 жылы 17 наурызда орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Карбенова З.У. «Наурыз мейрамының пайда болу тарихы жайында аңыздар» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға қазақ және орыс филологиясы факультетінің студенттері қатысты. Бағдарламада драмалық қойылым, концерттік номерлер, қазақ халқының салт-дәстүрі көрсетілді. Әсем костюмдер, ұлттық тағамдарға толы дастархан, «Наурыз Көже» мейрамды көркейтіп, жақсы көңіл көтерді.