«Қазақстан халықтарының достығы» зияткерлік ойыны
- Подробности
- Опубликовано: 04 апреля 2016
2016 жылдың 4 сәүірінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушылары Абишева С.К. мен Ловцова Д.П. ««Педагогика және психология», «Химия» мамандықтарының 3 курс студенттерімен Қазақстан халықтарының достығы» зияткерлік ойының өткізді. Зияткерлік ойының мақсаты Отанына деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімі мен Қазақстан Республикасы халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
Зияткерлік ойында «Көшпенділер» мен «Химиктер» тобы қатысты.Сайыс келесі 5 рубрика бойынша өтті:
-Әйгілі адамдар;
-Қазақстан халқының Ассамблеясы;
-Халықтардың қызықты салт-дәстүрлері;
- Әлем халықтарының тағамдары;
-Бұл қызықты.
Топтардың жауаптары 100 ұпаймен бағаланды. Ойын барысында студенттер әйгілі тұлғалар өмірі, Қазақстан Республикасындағы диаспоралар мен олардың мәдениеті жайында қызықты мәліметтермен танысты.