«Инновациялық технологияларды оқыту»
- Подробности
- Опубликовано: 30 марта 2016
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсынан 2015-2016 оқу жылдарында институт оқытушылары біліктіліктерін арттырып, ІІІ дәрежелі тренер куәліктерін иеленді.
Осы курсқа байланысты 2016 жылдың 30 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессорлық-оқытушылар құрамына арналған «Инновациялық технологияларды оқыту» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды курсты тәмамдап келген ҚМПИ оқытушылары Алиева Д.А., Абдрашева А.Қ., Еришева Т.А., Анасова А.Б., Рагатова М.О. өткізді. Бұл семинардың негізгі міндеті – болашақ мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіруге көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері оқытушының күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәтінмен өзара байланыста қарастырылды. Осы курста өткен оқыту молдульдерін тәжірибеде көрсету барысында бұл тәсілдердің тек оқытушы үшін ғана емес студентке де тиімді екеніне көз жеткіздік.Себебі: сабақ барысында қандай тақырып немесе қандай сабақ түрі (дәріс, семинар т.б.) болмасын ұжымдық жұмыстың оның ішінде диалогтық оқыту, топтық жұмыс, бағалау, сын тұрғысынан ойлаудың рөлі ерекше. Біріншіден, бұл тәсілдер арқылы студенттер бір-бірімен қарым-қатынасқа еркін түседі, екіншіден, әңгімелесіп отырып, студенттердің сабақты түсіну деңгейлері артады, үшіншіден, өз ойларын бөлісуге асығады, төртіншіден, бір-бірін тыңдап сұрақ қою арқылы бірін-бірі ақпараттармен толықтырып отырады, бесіншіден, пікірлерін еркін айтуға бейімделеді және оқытушымен түсінбеген сұрақтарды толықтыру мақсатында қарым-қатынасқа түсуге дағдыланады.Осы курсты оқу барысында алған білім, білік, дағдыларымыз болашақ мұғалімдерді даярлау барысында студенттерге белгілі бір деңгейде білім беруде, оқыту тәсілдерін меңгертуде терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыратынына сеніміміз мол.