КӨКТЕМ БАЛЫ

31-03-16Қостанайға көктем кеш келгені, қала жұртшылығына белгілі. Көктем айының шуағы мен жылулығын сағынған студенттер сарылып жүрген кез. Наурыз айының 31-нде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері көптен күткен көктем лебін сезінді.
Тұңғыш рет ҚМПИ ордасында Көктем балы болып өтті. Балдың қызығы да, шыжығы да мол. Студенттер бал биінен өзара сайысқа түсті. Шара арасында үздік студенттер марапатталды.
Бұл студенттер ҚМПИ өмір тынысына араласып, қызмет етіп жүрген талантты студенттер құттықталды. Қазақ және орыс филологиясы факультетінен екі студент дәл осындай құрметке ие болды. « Факультеттің ең үздік студенті» номинациясымен Еркебуланова Адина марапатталса, «Жатақхананың ең үздік студенті» номинациясына Жанжігітов Сырым лайық деп танылды.

Екі студент де ҚжОФФ- нің мәртебесін асырып жүрген студенттер. 1 курсқа қабылданғаннан бері факультеттің барлық шарасына түгел қатысып, түрлі шараларды, кештерді ұйымдастырып жүрген нағыз үздіктер. Адина мен Сырымды шын жүректен құттықтаймыз! Факультеттің басқа да студенттері өздеріңнен үлгі алып, сендер де тек биіктен кқріне беріңдер!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз