2017 жылдың 20 қарашасында «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке , Рухани жаңғыруға апарар жол» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығын ашылуы өткізілді. Апталықтың ашылуын аға оқытушы Г.А.Сейсембайдың ұйымдастыруымен 2 курс ҚТмӘ-16-11, ҚТмӘ-16-12 топтары жүзеге асырды. Апталықтың ашылуына арналған іс-шарада мамандық студенттеріне танымдық мәні бар ақпараттар берілді, патриоттық мазмұндағы көркем шығармалардың оқылды, қоғам назарын аударып отырған Елбасы мақаласының негізгі бағыттарымен таныстырылды.
24 қарашада Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының концерт залында Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай неміс елшілігінің бірінші Рождество концерті өтті. Көрермендер «Астана Опера» әншісі Евгений Чайников пен халықаралық байқаулардың лауреаты Елена Цветцихтың орындауындағы «Die Winterreise» атты Франц Шуберттің ән циклын тыңдады. Мерекелік іс-шараны алғы сөздерімен Қостанай облысының әкімінің орынбасары Жүндібаев Марат Қонысбайұлы және неміс елшісі Рольф Maфаэль ашты.
23-24 қарашада филология факультеті, шет тілдер кафедрасының аға оқутышысы Балжанова А.М басшылығымен, ағылшын тілі пәні бойынша "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 3 курс студенттері арасында студенттік олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңнен және тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым бойынша тапсырмалардан тұрды. Олимпиаданың мақсаты: деңгейін тексеру және студенттердің лексикалық, грамматикалық материал, оқу дағдысын және мазмұнын түсіну, сөйлеу, тыңдау, жазу білімінің беріктігін тексеру.
Оқушыларда шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделіп 2017 жылдың 24 қараша күні Русский язык и летература» мамандығының 1-курс студенттері мен шығармашыылқ жастардың өкілдері –Фотограф Вероника Преображенская және «Темір Түмен» тарихи қалпына келтіру ұйымының Қостанайдағы жетекшісі Михаил Гутамен кездесу өтті. Вероника Преображенская әлемдегі ең жақсы фотографтар тізіміне кіреді (www.deviantart.com ең үлкен дизайнерлік сайттың хабары бойынша). Сонымен қатар ол «Ең жақсы креативті блог» номинациясының жүлдегері.
2017 жылдың 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол» атты оқу-әдістемелік апталық барысында «Латын әліпбиі - жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау.
Британ кеңесі 2017 жылғы қарашада Қазақстан мен Қырғызстандағы ағылшын тілі пәнінің оқытушыларын даярлау саласындағы мұқтаждықтарын талдау жұмыс жобасына кірісіпті. Мәліметтерді жинастыру үшін базалық жоғару оқу орны ретінде екі елдің 26 университеті таңдалған еді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен шетел тілдер кафедрасы қатысушы тараптардың бірі болып жұмыс істеген. осы Институтта жобаны іске асыру үшін Кудрицкая Марина Ивановна конкурс негізінде Британ кеңесінің елшісі ретінде таңдалған еді.
2017 жылдың қараша айында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Патриотизм және жастардың рухани жаңғыруы «тақырыбында бірінші курс студенттермен шығарма сайысы өткізілді. Сайысқа 45 студент қатысты. Сайыстың мақсаты: 1.Патриотизм мәселесін қалай ашуға болады? 2.Патриоттық идеяның мүдделері мен көзқарастары әртүрлі болатын жастардың сана – сезіміне қалай жеткізуге болады ? 3.Патриотизм қазіргі түсініктемеде қандай принцип пен құндылықтарға сүйену керек?
2017 жылдың 17 қараша күні №18 орта мектеп қабырғасында «Зерде» атты республикалық ғылыми жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысының облыстық кезеңі болып өтті. Орыс тілі, әдебиеті, ағылшын тілі секциясының төрайымы ҚМПИ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Пчелкина Т.Р. болды. Жұмыс барысында көптілдік мәселесімен, қолданбалы түрдегі жұмыс туралы қызықты тақырыптар, шет тілдерді меңгеруге бағытталған әдістемелер атап өтілді. Амангелді ауданы, Б.Колдасбаев ат. Орта мектебінің 6 сынып оқушысы жоғары баллға ие болды.
Қарашада «Қазақстанның орыс тілді жазушылар шығармашылығы» мәселелі тобының отырысы болып отыр өтті. Үйірме жұмысында 1-2 курс студенттері белсенді атсалысты. Олар Қазақстанның аз зерттелген жазушыларының шығармашылығы туралы ақпарат іздеу бойынша жұмыстың алғашқы құсқаларымен таныстырды. Студенттер Швец А., Уманская А., Коновалова А. Сөз сөйлеулерін қызығушылықпен тыңдады.
Филология факультетінің «Орыс тілінде оқытпайтын орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі Калахова Гаухартас - туған факультетінің жиі қонағы. Ол Мендіғара ауданының, Введенская орта мектебінде оқу-ісінің меңгерушісі болып жұмыс істейді, орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ береді,кафедра аға оқытушыларына дұрыс кеңес алуға, идеялармен алмасуға және маңызды істер туралы ақылдасуға келіп тұрады. Бұл жолы да, өзінің бос уақытында туған институтына келді. 2017 жылдың 11 қарашасында «Орыс тілі» мамандығының түлектерінің кездесуі өтті.