08.12.2017 жылы шетел тілі мамандығының 13-14-15 АР тобының 15 студенті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру – тәуелсіздік тірегі» тақырыбына эссе жазып, Елбасының «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының жүзеге асырылуына студент-жастардың қосып жаткан үлестері, оны ары қарай жалғастыру туралы ойларын ортаға салды. Ұйымдастырылған сайыстың мақсаты: студенттерді елжандылыққа тәрбиелеу, студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру.
07.12.2017 жылы сағат 11.00-де филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі Шошақова Ж.Қ. және педагогика ғылымдарының магистрі Алиева Д.А. ұйымдастыруымен 3-4 курс студенттерімен конференц залда «Ұшқын» студенттер ұйымы ұйымдастырған "Студент жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын жаңғырту" атты онлайн конференция өтті. "Білімді ұрпақ - ұлт болашағы". Қазіргі жаһандану заманында әлемнің өркениет көшіне ілесіп отыру, технология жетістіктері мен цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану - жастар алдындағы басты бағыт.
2017 ж. 6 желтоқсанда орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары Конвисарова Л. А., Коваль О. В. ұйымдастырылуымен "Сен жалғыз емессің " атты студенттік жоба аясында, "Серпін" мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты мен міндеттері-жастардың орыс поэзиясынына деген қызығушылығын арттыру, сауатты сөйлеу және оқу дағдыларын дамыту, әдеби және көркемдік талғамын тәрбиелеу, көпшілік алдында сөйлеу білу дағдыларын арттыру болып табылады. Студенттер сүйікті авторларының өлеңдерін зор ықыласпен оқып білдірді.
2017 жылдың 6 желтоқсанында қазақ-француз орталығының базасында «Nikolaustag» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға филология факультетінің шет тілдер кафедрасының неміс / француз тілдерін екінші шет тілі ретінде оқитын 1 және 3 курстан шамамен 20 студент және неміс тілін бірінші шет тілі ретінде оқитын филология факультінің шет тілдер кафедрасының 2 және 4 курс студенттері қатысады. Сондай-ақ, мерекелік бағдаррламаға шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары қатысты: Дощанова Б.М., Бурмагина Л.А., Жакебаева М.Г., Жанбуршинова Г.К. және филология магистрі Сухова А.В.
30 қарашада орыс тілі және әдебиеті кафедрасымен «Білім беру жүйесінің жемісті қызмет етуінің талабы ретінде студенттер мен оқытушылардың санасын модернизациялау» семинары өткізілді. Семинар мақсаты – студенттер мен оқытушылардың санасын модернизациялаудың жолдарын белгілеу. Семинарға қатысу үшін облыс пен қаланың мұғалімдері шақырылды. Семинар барысында мектептер мен жоғары оқу орындарында білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі, оны қазіргі заман талабына сай ету туралы оқытушылар мен мұғалімдердің мүдделі әңгімесі өтті.
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Қараша айының 29-ы күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Шошақова Ж.Қ., Батырғалиева А.С. ұйымдастыруымен 1-курс студенттерімен 1-желтоқсан – Президент күніне байланысты «Дарынды билеуші – ел бақыты» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
2017 жылдың 29 қарашасында Пчелкина Т.Р. орыс тілі және әдебиеті кафедрасының апталығының аясында «Авторлық позициясы және оны 19-20 ғасырлар прозасында көрсету» пәнің зерттеу кезінде электрондық оқыту құралдарын қолдану бойынша мастер-класс өткізді. Мастер-класс мақсаты - «Авторлық позициясы және оны 19-20 ғасырлар прозасында көрсету» пәнің зерттеу кезінде электрондық құралдарының мүмкіндіктеріне көз жеткізу. Студенттер мәселелік сұрақтарға жауап берді, белгілі әдебиеттанушы Ю. Большакова мақаласы бойынша тезистік жоспар құрастырды, «Қазіргі әдебиеттанудағы автордың мәселесі» тақырыбындағы тестке жауап берді.
28 қараша – бүкіләлемдік қайырымдылық күні. Дәл сол күні«От сердца к сердцу» қоғамдық жобаның басшылары Пчелкина Т.Р. және Матершова А.И. «Э.А. Княгининге көмек» акциясының қорытындылары шығарды: акцияға «Орыс тілі және әдебиеті» мен «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері белсене ат салысты. «От сердца к сердцу» жобасының қатысушылары Иван Баранников және Александр Нямцу жиналған құралдар тапсыруға қатысты. Эдуарду Александровичке қаражат, азық-түлік, бірінші қажеттілік құралдары берілді.
2017 жылдың 28-ші қараша күні филалогия факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Тұңғыш Президент күніне» арналған кураторлық сағатты өткізілді. Іс-шараға 20 студент және шет тілдері кафедрасының мұғалімдері Рахметова А.А., Бурмагина Л.А., Дощанова Б.М қатысты. Іс-шара барысында Попова П., Танкибаева Д., Альмуханбетова С. Абилова С., Долгушкина А. ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен жұмыс жолы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент күніне арналған «Ғасыр адамы» атты фильм көрсетілді.
2017 жылдың 27 қараша күні «Орыс тілі және әдебиет» мамандығының 1-курс студенттері мен кураторы Матершова А.И «Нұрсултан Назарбаев – ұлт көшбасшысы» атты кураторлық сағат өткізілді. Студенттер бейнеролик пен презентациялар дайындады. Олар тұңғыш президентіміздің саяси, экономикалық және мәдени қызметіне көңіл бөлді. «Рухани жыңғыру» бағдарламасын Қостанай облысында жүзеге асыратын жобаларбелгіленді. Ұлт бірлестігін сақтау, латын кәріпіне көшу, жастардың бәсекеге қабілеттілігін тәрбиелеу мәселелері талқыланды.