Қантардың 19 жұлдызында «Русский язык и литература» мамандығының 1-курс студеннтері арасында зияткерлік ойын өткізілді. Студенттер куратормен бірге президент жолдауының мәтінің талдап, әлеуметтік саясат, білім беру, тілдер, денсаулық қорғауға байланысты аспектілеріне көз жеткізіп, өткен жылдар табыстарын ерекше атап көрсетті. Кейін жолдау мәтінің мәнің ұғып түсінуіне байланысты интелектуалды ойын өткізіліді. Кураторлық сағат қызықты өтті, жұмыс табысты болды.
«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері «Жылдам оқу және зерденің дамуы» оқу орталығына барып және орталық қызметімен танысты. Қостанай қылысы мектептерінің оқытушылары IQ007 Ресей Республикасының Златоуст қаласында оқып келді. Мектеп мамандарының ойлап шығарған әдістерімен қазір 255 «Жылдам оқу мектебі және зерденің дамуы IQ007» орталықтары Ресейде және ТМД елдерінде жұмыс істеуде. Орталық ұстаздары студенттерді жылдам оқу мектебі және зерденің даму курсына қысқаша шолу жасап, таныстырды.
2018 жылы 11 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс берушілермен байланыс мақсатында Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдерімен бірлескен коучинг өткізді. Коучингке Қостанай қаласы мектептерінен № 8 ОМ, № 18 ОМ, № 2 ОМ, № 11 ОМ, № 1 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары қатысты.
2018 жылдың 10 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің ұйымдастыруымен Педагогикалық шеберлік орталығы АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» Кембридж университеті (Ұлыбритания) бірігіп дайындалған Үшдеңгейлік бағдарлама бойынша ҚМПИ Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті және Филология факультеті оқытушыларына «Оқу мен оқытудағы жаңа көзқарастар: Диалогтік және топтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау» тақырыбында Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Алиева Д.А., Сейсембай Г.А., Абдрашева А.Қ. әдістемелік семинар өткізді.
Халықаралық өмірдің ерекшеліктері жоғары білім берудің жаңа үрдістерін тудырады. Бүгінде дүние жүзінде біртұтас білім беру кеңістігі құрылуда, ол әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарынан студенттерді кеңінен алмастыруды көздейді. Жыл сайын халықаралық академиялық мобильділік өсіп келеді және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты - мұның айқын дәлелі. 2017 жылдың 28 желтоқсанында оқу жылының бірінші семестрі бойы Францияның оңтүстігіндегі, Перпиньян қаласындағы халықаралық L'Université dePerpignanViaDomitia университетінде француз тілінен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып келген институтымыздың филология факультетінің 4-курс студенттері Петрова Наталья, Бакеева Зарина, Асембай Маржан, және де, осы мамандықтың 3-курс студенттері Чунина Анна туған институтының қабырғасына оралды.
"От сердца к сердцу" қоғамдық бағдарламасының аясында 2017 жылдың 15 желтоқсанында 5B011800 "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының студентеттері Матершева А.И. кураторымен бірге «Костанай Зоо Пульс» қоғамдық бірлестігінде қайырымдылық акциясын өткізді. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы, РФ мен ҚР ветеринарлық ғалымдар кандидаты, ҚР доценті Машадиева В.В. мен төрағасының орынбасары, РФ ветеринарлық, ғалымдар докторы, ҚР профессоры Шагиахметов Ю.С. студенттерге орталықтың әрекеті, «Костанай Зоо Пульс» мекемесәнде өмір сүретін жануарлар туралы айтып берді.
2017 жылдың 14 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультетінің ұйымдастыруымен «Қостанай облысы білім беру ұйымдарында қазақ әліпбиін латын графикасы негізінде енгізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстары» атты аймақтық дөңгелек үстел өткізілді. Аймақтық дөңгелек үстелдің мақсаты - «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салу, болашақта латын графикасын кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырудағы жоспарларымен бөлісу.
12 жетоқсан күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасындағы мерекелік күннің алдында 2 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат дайынада өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: тарихқа деген құрмет қарым – қатынастарына тәрбиелеу, халықтың өткен батырлығына, мақтаныш сезіміне дәріптеу, өзінің елінің тағдырына жауапкершілікпен қарау. Құттықтау сөздерімен к.ф.н тобының кураторы доцент Сегізбаева К.Қ. және к.п.н., профессор Карбенова З.У. сөз сөйледі. Іс – шара басы «Менің Қазақстаным» видеофильмімен басталып, тәуелсіз Қазақстанның тарихымен, тәуелсіз жолындағы басынан өткендерін баяндады.
2017 жылғы 5-ші желтоқсаннан бастап 9-шы желтоқсанға дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Француз мәдени орталығында Рождество кезінде мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті. Аталған шараның мақсаты – студенттер мен мектеп оқушыларын француз мәдениетінің салттары мен дәстүрлеріне қатыстыру, сондай-ақ француз тілінде айту дағдыларына жетілдіру. Желтоқсанның 5-нде Қостанай политехникалық колледжінің студенттері ФМО-нда келді. 7-ші желтоқсанда Француз мәдени орталығының іс-шарасына Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері шақырылды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде ақын Ғайнижамал Бердалиновамен «Тобылдың ауялы ақыны» атты кездесу кеші өтті. Тағылымды кешкте өңіріміздің рухани ортасында өзіндік орны бар аяулы апамыз жайлы ақын, ф.ғ.к., институт жанындағы Ы.Алтынсарин мұраларын зерттеу орталығының маманы Серікбай Оспанов ағамыздың жақсы естеліктермен бөлісті. Факультет жастары Ғайнижамал апаны үлкен қошеметпен қарсы алып, өлең өлкесіне енді қадам басып жатқан жас ақындарымыз Махаббат Жарбосина, Сұлтан Қарлығаш, Кәмел Айдана, Қызыринов Айдос, Ихсан Данияр өз жырларын мәнерлеп оқып берді.