«Оқу мен оқытудағы жаңа көзқарастар» тақырыбында әдістемелік семинар

2018 жылдың 10 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің ұйымдастыруымен Педагогикалық шеберлік орталығы АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» Кембридж университеті (Ұлыбритания) бірігіп дайындалған Үшдеңгейлік бағдарлама бойынша ҚМПИ Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті және Филология факультеті оқытушыларына «Оқу мен оқытудағы жаңа көзқарастар: Диалогтік және топтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау» тақырыбында Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Алиева Д.А., Сейсембай Г.А., Абдрашева А.Қ. әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту туралы түсіндіру. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы бағыт беру.

Педагогтердің  кәсіби қарым-қатынасқа түсуіне, өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық әлеуетінің өсуін ынталандыруға жағдай жасау мақсатында, семинар екі бағыт бойынша жүргізілді:

  1. Тәжірибелік сабақ: «Жаңартылған білім беру аясында білім сапасын көтерудегі топтық жұмыстың тиімділігі».

Жаңартылған білім беру мазмұнының тәжірибеде жүзеге асуы бойынша тәжірибелік сабақта әрбір топқа тақырып бойынша теориялық мәтін берілді. "Галереяны шарлау" әдісі бойынша берілген мәтінмен таныса отырып, топтық талдау жүргізілді, топтар өзара байланысқа түсу арқылы, постер қорғады.

  1. Шеберлік сабақ: «Жаңа әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, диалогтік оқыту». Семинардың  екінші бағыты бойынша  шеберлік сабақтары өткізілді. Кинометафора әдісі бойынша "Бәрі өз қолыңда" видеосы көрсетілді. Видеодағы негізгі мақсатын, айтылатын идеясын сыни тұрғыдан ойлап, өз пікірлерімен бөлісті. Көрсетілген видеоны топта талқылап, басқа топтарға "Қар кесегі" әдісі арқылы сұрақ қоя отырып диалогқа түседі.

Семинар соңында оқытушылар  кері байланыс арқылы туындаған  ойларымен бөлісті, сабаққа деген жаңа көзқарастары қалыптасып, жаңа, тың идеялармен тәжірибе бөлісті.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Оқу мен оқытудағы жаңа көзқарастар» тақырыбында әдістемелік семинар