Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдерімен бірлескен коучинг

2018 жылы 11 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс берушілермен байланыс мақсатында Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдерімен бірлескен коучинг өткізді. Коучингке Қостанай қаласы мектептерінен № 8 ОМ, № 18 ОМ, № 2 ОМ, № 11 ОМ, № 1 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары қатысты.

Коучингті №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ӘБ жетекшісі Рахимова Эльмира Ерсәлімқызы және №8 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, п.ғ. магистрі Салықова Әсел Дарияқызы өткізді.

Коучинг барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • жаңартылған білім беру мазмұны бойынша БА бағдарламасын оқыту үдерісінде апробациялау мүмкіндіктері;
  • тиімді әдістер мен оқыту стратегияларын жасақтау және қолдану;
  • педагогикалық тәсілдерді қолдана отырып өткізілген оқыту бойынша рефлексиялау.

Коучингте аудиторияда «Сүлгідегі өрнек» әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал орнатылды.

Сын тұрғысынан ойлау модуліне байланысты «511» әдісімен жұптар бір-бірін толықтырады, тақырыпқа сай 5 түйінді сөз анықтап, 1 сөйлем құрастырады. Видеоматериал «Коучинг керек пе, жоқ па?» Парақтан ұшақ жасап тақырыпқа сай мазалап жүрген, түсініксіз сауалдарын жаза отырып, өз ойларымен бөлісті.

Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталғандықтан оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты әдіс-тәсілдер үйретілді.

Коучинг білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша тренерлердің бірлескен ашық диалогі режимінде өтті. Коучинг рефлексиямен аяқталды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдерімен бірлескен коучинг