Тобылдың ауялы ақыны
- Подробности
- Опубликовано: 08 декабря 2017
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде ақын Ғайнижамал Бердалиновамен «Тобылдың ауялы ақыны» атты кездесу кеші өтті. Тағылымды кешкте өңіріміздің рухани ортасында өзіндік орны бар аяулы апамыз жайлы ақын, ф.ғ.к., институт жанындағы Ы.Алтынсарин мұраларын зерттеу орталығының маманы Серікбай Оспанов ағамыздың жақсы естеліктермен бөлісті. Факультет жастары Ғайнижамал апаны үлкен қошеметпен қарсы алып, өлең өлкесіне енді қадам басып жатқан жас ақындарымыз Махаббат Жарбосина, Сұлтан Қарлығаш, Кәмел Айдана, Қызыринов Айдос, Ихсан Данияр өз жырларын мәнерлеп оқып берді.
Ғайнижамал Бердалинованы Тобыл өңірінде танымайтын жан кемде-кем. Өлең жазуды бала кезінен бастаған оның туындылары республикалық басылымдарда жарық көріп жүр. Ақын апамыз бүгінде жастардың тәлім-тәрбиесіне, рухани құндылығына баса мән беріп келеді. Ол жас талапкерлерді өнерге баулу мақсатында өңірде тұңғыш әдеби үйірме ашқандардың бірі. Алғашқысы. 2000 жылы Ы. Алтынсариннің шығармасымен аттас «Таза бұлақ» қоғамдық қорын құрып, ұстаздық етті. «Осындай атаудағы қорды жастардың пейілі, ынта-жігері, білімге деген құштарлығы таз болсын деген ниетпен жасалғаны сөзсіз. Кеш барысында ақын апамыздың өзінен сыр тартып, еңбек жолының қалай басталғанын, өнегелі өмірі туралы жастар өз аузынан тыңдады. Кеш барысында, ақын Ғайнижамал Бердалинова туралы жасалған слайдтар және банерлар тізбегі мерекелік іс-шараның сәнін келтірді. Кездесу соңында келген қонақтар мен студенттер Ғайнижамал Бердалиноваға лебіздерін білдіріп гүл шоқтары мен естелік сый жасаса, ал ақын апамыз факультет жастарына өзінің әлі сиясы кеуіп үлгермеген «Жылдар мен жырлар байлығым...» атты кітабын сыйға тартты.
Қазақта саусақпен санарлықтай ғана ақын қыздардың ішінде бірегей, киелі Қостанай өңірінің тумасы, танымал дарынды жерлесіміз – ақын Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызына арналған «Тобылдың ауялы ақыны» атты кездесу кеші жақсы әсер сыйлады.