«Жылдам оқу мектебі және зерденің дамуы IQ007» оқу орталығымен танысу
- Подробности
- Опубликовано: 19 января 2018
«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері «Жылдам оқу және зерденің дамуы» оқу орталығына барып және орталық қызметімен танысты.
Қостанай қылысы мектептерінің оқытушылары IQ007 Ресей Республикасының Златоуст қаласында оқып келді. Мектеп мамандарының ойлап шығарған әдістерімен қазір 255 «Жылдам оқу мектебі және зерденің дамуы IQ007» орталықтары Ресейде және ТМД елдерінде жұмыс істеуде.
Орталық ұстаздары студенттерді жылдам оқу мектебі және зерденің даму курсына қысқаша шолу жасап, таныстырды.
Мектеп оқушылары диагностиканы 2 кезеңд өтеді. Бірінші кезеңде оқу деңгейі мен әдісін тексереді, күшті және әлсіз жақтарын аңықтайды, қандай көрсейткіштерімен жұмыс істеу керек екенін айқындайды. Екінші кезеңде арнайы диагностикаға арналған радиозотоптық құрылғыдан өткізіп, саусақ өрнегінің түрін анықтайды. Бірегей биометриялық есепті саусақ іздерінен алған соң, тәжірибелі оқытушы баланың жасырынды қасиеттері мен табиғи ынтасын табады. Бұл есептен кәсіпқой қызметтің бағытына қандай оқу сұлбасының ең жақсы келетінін білуге болады.
Бұл мектеп әдісі баланың жүйке-психикасының дамуына әсер ететін әдіс ретінде қарастырылады. Бағдарлама оқу жылдамдығын 10 есе арттырады, еске сақтау көлемін ұлғайтады, оқығанды меңгеріп алуын жақсартуға көмектесіп, ой барысын және ойлау икемділігінің жылдамдығын дамытады.