25 мен 30 наурызда Қостанай қаласында Республикалық олимпиаданың қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы кезеңі өтті. Орыс тілі жəне адебиеті бөліміне əділ қазы алқасының құрамына, орыс тілі жəне адебиеті кафедрасының (бөлімінің) меңгерушісі Пчелкина Т.Р. шақырылды. Қалалық жəне областық "Дарын" орталығының жоспарымен өткізілген жұмыс өз нəтижесін берді. Орыс тілі жəне адебиетінен қатысушылардың дайындығын ұйымдастыруға Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің мұғалімдері Пчелкина Т.Р. жəне Мустакимова Г.В. ат салысты.
2018 жылдың 29 наурыз күні Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары 4 курс студенттерінің өндірістік практикасы бойынша «Өндірістік практика – құзіреттілікті арттыру негізі» тақырыбындағы қорытынды конференциясын өткізді. Конференцияның басты мақсаты студенттердің өндірістік (педагогикалық) практикасының нәтижесін қорытындылау, оның ұйымдастырылу және өткізілу сапасын анықтау, машықтану барысындағы қиындықтарды шешудің жолдарын қарастыру.
2018 жылдың 28 наурызында Филологиялық факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері жаңа ақындық жолын бастаған Игорь Рулевтің шығармашылық кешіне барып қайтты. Кештің арнайы қонақтары Наталья Закора, Владимир Алексанин, Максим Гольцварт болды. Аталған іс- шара Ы. Алтынсарин кітапханасының қабырғаларында өткізілді. Жас ақын қонақтарға өзінің «Красная роза» атты алғашқы өлеңдер жинағын ұсынды. Рулевтің поэзиясы трагедиялық сарында жазылған.
2018 жылдың 28 наурыз күні "Қостанай қаласы әкімшілігінің білім беру бөлімі №5А мектеп - гимназиясы" ММ базасында "Ашылудың қадамдары" атты кіші мектеп оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың қалалық байқауы ұйымдастырылды. "Ағылшын тілі" бөлімі бойынша әділ қазылар алқасы ретінде п.ғ.к., доцент, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Соловьева Н.А., философия ғылымдарының докторы (PhD), аға оқытушы Данилова В.В., шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Подавец О.Д. шақырылды.
16-шы наурыз күні "Орыс тілі жəне адебиеті" мамандығының 1 - ші курс студенттерімен "Жүректен журекке" жобасының аясында оқырмандар сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа филология жəне психология - педагогика бөлімінің студенттері қатысты. Сайыстың тақырыбы рақымдылық болды, қатысушылар сан түрлі- классикалық жəне заманауи өлеңдер дайындады. Студенттер жай ғана мəнерлеп оқумен шетелмей, өз қойылымдарына видеоқатар мен музыкалық сүйемел де дайындаған.
Жас ұрпақтың бойында патриотизмге деген сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, 2018 жылы 15 наурызда тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы, филология факультетінің аға оқытушылары Абишева С.К. және Сержан-Абдрахманова Ш.К. «Наурыз- бірліктің мерекесі» атты интеллектуалды ойының «Педагогика және Психология», «Дефектология» мамандықтарының 1 курс студенттерімен өткізді. Наурыз – көктемнің басы, табиғаттың оянуы. Бұл ұлы мереке халқымыздың өтіп бара жатқан ғасырлар бойы тамыры терең, бірлік пен береке, достық пен ынтымақтастықтын жаңа жыл мерекесі.
2018 жылдың 14 наурыз күні сағат 15:00 Қадыр Каримов шағын кешенді мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиетін шағын жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жұмыс беруші стейкхолдермен байланыс мақсатында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай ауданы, Қадыр Каримов орта мектебінің директоры Ибраева Салтанат Кенжеханқызы, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жұмашева Салкен Күлтайқызы және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, әдіскерлер пед.ғ.магистрі Алиева Дидар Алиаскаровна, гум.ғ.магистрі Абдрашева Алия Қажымұханқызы және 3 курс студенттері қатысты.
2018 жылы 26 ақпан күнінен 3 наурыз күніне дейін шетел тілі кафедрасының әдістемелік аптасы өткізілді. Тақырыбы: «Көптілдік білім беру жағдайында оқытудың инновациялық технология тәсілдерін қолдану». Іс-шаралар қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде өткізілді. Іс-шараларды өткізу түрлері: байқау, ашық сабақ, дөңгелек үстел, мастер-класс, театральдік қойылым, интернет-байқау. Іс-шаралар түрлерін дайындау барысында қазіргі технологияларын қолданылды.
"Орыс тілі жəне адебиеті" мамандығының студенттері аймақтық мектептерде өндірістік тəжірибеден өтуде. Тəжірибе- ол өзіңді нағыз педагог ретінде сезінуге деген мүмкіндік, шынайы мүмкіндіктерді көру, өз білімің мен ептілігіңдегі мəселелерді түсіну. Ең үздік машықкер- студенттердің ішінде, Қостанай қаласындағы мектеп-лицейінен тəжірибеден өтуші Григорьева Н. Тəжірибе нəтижесі жайлы сұраққа студент, біліміңді ептілікпен ұштастырып, мектептегі тəжірибеде қолдана білу мүмкіндігі деп түсіндірді. Мұғалімдік мамандықтан көңіліңіз қалған жоқпа? Бұл сұраққа студент былай деп жауап берді: "Жоқ. Мұғалімнің жұмысы ауыр, бірақ қызықты əрі қажет".
Орыс тілі және орыс әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары Пчелкина Т.Р мен Матершова А.И. жетекшілігімен Санкт-Петербург қаласында «Берегина» атындағы мектебімен келісім шартқа қол қоюы мен дайындығы аяқталды. Келісім шарттың мақсаты ғылыми ұйымды ұйымдастыру. Келісім шарт шеңберінде кафедра оқытушылары, студенттер, мектеп оқытушылары мен оқушылары арасындағы түлектер, оқу ісінің меңгерушісі Мальцева Е.Ю. қатысатын ортақ ғылыми жоба дайындалуда. Жоба орыс-қазақ әдеби байланыстарын дамытуға бағытталған.