"Ашылудың қадамдары" атты кіші мектеп оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың қалалық байқауы
- Подробности
- Опубликовано: 28 марта 2018
2018 жылдың 28 наурыз күні "Қостанай қаласы әкімшілігінің білім беру бөлімі №5А мектеп - гимназиясы" ММ базасында "Ашылудың қадамдары" атты кіші мектеп оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың қалалық байқауы ұйымдастырылды.
"Ағылшын тілі" бөлімі бойынша әділ қазылар алқасы ретінде п.ғ.к., доцент, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Соловьева Н.А., философия ғылымдарының докторы (PhD), аға оқытушы Данилова В.В., шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Подавец О.Д. шақырылды.
1-4 - сынып оқушылары елтану лингвистикалық, мәдени - бұқаралық және әдістемелік жоспарларды қамтитын баяндамалар оқыды. Барлығы да дидактикалық және аудивизуальды материалдарды көрнекілік ретінде қолданды.
Байқаудың барлық қатысушылары әртүрлі дәрежедегі жүлделермен марапатталды. "Қостанай қаласының әкімшілігінің білім беру бөлімі №24 мектеп - гимназиясы" ММ қатысушысының жұмысы өзінің ерекшелгімен, қайталанбайтындығымен, дербестігімен ерекшеленіп ең үздік жұмыс деп танылды.
Жалпы іс - шара барлық қатысушыларды мотивациялады.