«Наурыз – бірліктің мерекесі!» интеллектуалды ойыны
- Подробности
- Опубликовано: 15 марта 2018
Жас ұрпақтың бойында патриотизмге деген сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, 2018 жылы 15 наурызда тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы, филология факультетінің аға оқытушылары Абишева С.К. және Сержан-Абдрахманова Ш.К. «Наурыз- бірліктің мерекесі» атты интеллектуалды ойының «Педагогика және Психология», «Дефектология» мамандықтарының 1 курс студенттерімен өткізді.
Наурыз – көктемнің басы, табиғаттың оянуы. Бұл ұлы мереке халқымыздың өтіп бара жатқан ғасырлар бойы тамыры терең, бірлік пен береке, достық пен ынтымақтастықтын жаңа жыл мерекесі.
Ойынға екі команда қатысты: "Наурыз" және "Көктем". Олардың әрқайсысы өзінің білімі мен қабілетін көрсетті. Ойынның сұрақтары, ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне, қазақ халық салт-ғұрыптарына, ойындарына, ұлттық музыкалық аспаптарға, қазақ халқының мақал мен мәтелдеріне арналған.
Ұсынылған сұрақтарға студенттер өздерінің тапқырлығымен, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жақсы білетіндерін көрсеті. Қатысушылар әр түрлі тақырыптар таңдады: "Ұлы мереке-Наурыз", "Қазақ әндері", "Қазақстан", Салт-дәстүрлер", "Мақал-мәтелдер". Студенттер осы ойында өздерінің тапқырлықтарың, қызығушылықтарың және жақсы білімдерін ғана қөрсетпей, жеңіске ұмтылды.
Команданың жауаптары 100 ұпайға бағаланды.
Ойынның соңында әділ қазылар алқасы пікір алмасып, балл есептеліп болған соң жеңімпаз команданы таңдады.
Ойын қорытындысы бойынша:
- 1 орын "Көктем" -1500 ұпай;
- 2 орын "Наурыз "-1200 ұпай;
Қатысушылар марапатталды, ал көрермендерге тәтті сыйлықтар табыс етілді.