Жаңа шығармашылық жолын бастаған ақынмен кездесу

2018 жылдың 28 наурызында Филологиялық факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері жаңа ақындық жолын бастаған Игорь Рулевтің шығармашылық кешіне барып қайтты. Кештің арнайы қонақтары Наталья Закора, Владимир Алексанин, Максим Гольцварт болды. Аталған іс- шара Ы. Алтынсарин кітапханасының қабырғаларында өткізілді. Жас ақын қонақтарға өзінің «Красная роза» атты алғашқы өлеңдер жинағын ұсынды. Рулевтің поэзиясы трагедиялық сарында жазылған. Өлеңдердің негізгі тақырыбы жауапсыз махаббат. Ақын өз өлеңдерін оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Қазіргі уақытта ақын екінші өлеңдер жинағымен жұмыс жасауда.

Кеш лайықты деңгейде өтті. Ақын естелік ретінде орыс тілі мен әдебиет кафедрасына және келген қонақтарға, әр оқырман өзін-өзі үшін маңызды нәрсе таба алатын авторлық өлеңдер жинақтарын тарту етті.

 

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Жаңа шығармашылық жолын бастаған ақынмен кездесу