Шетел тілі кафедрасының әдістемелік аптасы
- Подробности
- Опубликовано: 05 марта 2018
2018 жылы 26 ақпан күнінен 3 наурыз күніне дейін шетел тілі кафедрасының әдістемелік аптасы өткізілді. Тақырыбы: «Көптілдік білім беру жағдайында оқытудың инновациялық технология тәсілдерін қолдану». Іс-шаралар қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде өткізілді. Іс-шараларды өткізу түрлері: байқау, ашық сабақ, дөңгелек үстел, мастер-класс, театральдік қойылым, интернет-байқау. Іс-шаралар түрлерін дайындау барысында қазіргі технологияларын қолданылды.
26 ақпан күні филология факультетінде кафедра апталғы аясында болашақ шет тілі оқытушыларының кәсіби сапасын көрсету мақсатында визит карталар байқауы болып өтті. Осы байқауға үшінші курс студенттері өздерінің болашақ мамандықтарын жарнамалайтын брошюралар жасауға белсене қатысты.
«Екінші шетел тілі (француз тілі)» пәні бойынша кафедра апталығы аясында 21 АР тобында практикалық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбының басты мақсаты Францияның географиялық орны және конституциясы болды. Сабақта мультимедиялық презентация, француз тілінде әні бар аудиофайл, интерактивті тақта тапсырмалары т.с.с жаңа электронды технологиялар қолданылды. Оқытудың заманауи технологиялары арқылы Француз тілінде ән тыңдау және фильм көру Франция мәдениетін оқып үйренуге талпыныс береді. Жалпы алғанда сабақтың қойған мақсатты жүзеге асырылды және міндеттері орындалды. Қатысушы студенттердің жұппен жұмыс жасай алуына қарап алда диалогтық сөйлеу жақсы дамитыны байқалып тұр. Сабаққа жас мамандар және факультет студенттері қатысты.
Шет тілі кафедрасының апталығында аға оқытушы Матеева Н.А. және «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының төртінші курс студенті Асембаева Маржанның бірлесе ұйымдастыруымен «ЖОО-ның білім беру просцесінде мобильді оқыту» атты мастер-класс өтті. Бұл қатысушыларға білім беру аясында мобильді құрылғыларды (смартфон, планшет, нетбук, т.б.) қолдану арқылы инновациялық технологиямен, жаңа методикамен және де авторлық жұмыстармен танысуға мүмкіндік берді.
Мастер-класс уақытында жүргізушілер мобильді қосымшаларды қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетті және түсіндірді:
- Du Recorder, Mobizen, Screen сапалы видео-лекция жасауға арналған;
- PowToon, Screencast-O-Matic есте қаларлық презентация жасауға;
- Kahoot Socrative, Student, Quizizz формативті және суммативті бағалауға:
- Word Cloud жаңа материалға кіріспе және «миға шабуылды» ұйымдастйруға арналады;
- WattsApp, Viber жобамен жұмыс немесе үй жұмысын тексеруг арналған бағдарламалар.
QR коды (QR-Code Generator QR-Code scanner) бағдарламасының мүмкіндіктері жайлы толық көрсетілді.
Мастер-классқа жас оқытушылар мен студенттер қатысты.
2017 жылдың қыркүйек айында шет тілдері кафедрасында Қостанай қаласының А.М.Горький атындағы гимнаиясымен бірлесіп «НЕМІС ТІЛІ САХНАДА» атты әлеуметтік жоба іске қосылды. Жоба жетекшісі шет тілдері кафедрасының профессоры Исмагулова Г.К.
2017 жылдың қарашасында театрлық труппаны Алматы Гете-Институтымен және республикалық неміс драма театрымен ұйымдастырылған «Deutsch auf der Bühne» атты жыл сайын Алматы қаласында өтетін театрлық фестиваліне қатысуға шақырды. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері Слободюк Александр, Войкин Александр, Омарова Асель, сонымен қатар Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «А.М.Горький атындағы гимназия» ММ оқушылары Кротов Алексей, Хлевная Анастасия және Анна Меркулова сахынада «Blaues Zimmer» пьесасын сомдады. Қазылар алқасы қойылымды және актерлердің ойынын жоғары бағалады. Труппа екінші орынға ие болды.
Кафедраның апталығында қойылым ҚМПИ-дың акт залының сахнасында қойылды.