Қатысушылардың Республикалық олимпиадасы

25 мен 30 наурызда Қостанай қаласында Республикалық олимпиаданың қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы кезеңі өтті. Орыс тілі жəне адебиеті бөліміне əділ қазы алқасының құрамына, орыс тілі жəне адебиеті кафедрасының (бөлімінің) меңгерушісі Пчелкина Т.Р. шақырылды. Қалалық жəне областық "Дарын" орталығының жоспарымен өткізілген жұмыс өз нəтижесін берді.

Орыс тілі жəне адебиетінен қатысушылардың дайындығын ұйымдастыруға Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің мұғалімдері Пчелкина Т.Р. жəне Мустакимова Г.В. ат салысты. Мектептің жəне жоғарғы оқу орны мұғалімдерінің еңбегі босқа кетпегені көңіл қуантады.

6 қатысушының 3 жүлделі орынға ие болды:

2 орын

  • Шелестова А. Қостанай қаласының №1 мектеп - лицейі.
  • Шевнина Ю., Қостанай қаласы М. Козыбаева атындағы № 23 орта мектебі.

3 орын- Клепка В., Қостанай ауданы, Затобол мектеп - гимназиясы.

Қатысушы Алина Неклюдова (Лисаковск қаласындағы мектеп-гимназиясы) Костанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректорынан 5В011800- Орыс тілі жəне адебиеті мамандығына түсу грантына ие болды .

Жоғарғы деңгейдегі дайындық қатысушыларға шығармашылық шеберліктерін, терең білімдерін жəне кең əдеби ой - өрістерін байқатуға мүмкіншілік берді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Қатысушылардың Республикалық олимпиадасы