2019 жылдың 15-17 ақпан күндері Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде "KGU CUP XIII"атты дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Турнирді Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен "Ахмет Ұрпақтары"дебат клубы ұйымдастырды. Турнир жартылай финалға, финалға, сондай-ақ, жастардың финалына шығатын 5 іріктеу кезеңінен өтті. Турнирге барлығы 48 команда қатысты. Ағылшын тіліндегі пікірталасқа У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультеті шетел тілдері кафедрасының студенттері: Темірханова Диана (2 курс), Темірбекова Аружан (1 курс) және Уткельбаев Жәнібек (4 курс) қатысты.
Шетел тілдері кафедрасында 18 ақпан күні кафедраның әдістемелік апталығы аясында "ағылшын тілінде ЕНН циклінің пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту" атты мастер-класс өтті. «Ағылшынтілі «белгісіз», оған кезкелген мектеп пәндерін бейімдеуге болады»,-депес ептейді Виктория Данилова Ө. Сұлтанғазинатындагы КМПУ философия докторы (PhD), п.ғ. к., педагогика және психология магистрі, шеттілдер кафедрасының аға оқытушысы Қостанай облысында өтіпжатқан «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам» атты онкүндікте Виктория Данилова физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшынтілінде ЖҒБ циклінің пәндерін оқытуда сынитұрғыдан ойлауды дамыту» атты мастер-класс өткізді.
15.02.2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінде «Латыннегізді қазақ әліпбиі» оқу-әдістемелік кабинеті ашылды. Кабинет жаңа қазақ әліпбиін көпшілікке үйретуде, қазақ тілінің жаңа емле ережелерін түсіндіруде әдістемелік көмек көрсетеді, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысады. Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.
Әдебиет зерттеушісі, ақын, ғалым Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына байланысты 13 ақпан күні филология факультетінің декан орынбасары Шошақова Жанар Қарасынқызының ұйымдастырыуымен « Әбділда Тәжібаев - сыршыл, лирик ақын» атты кураторлық сағат өткізілді. Бұл кураторлық сағаттың мақсаты жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. 2 курс студенттерінің қатысуымен өткен бұл танымдық сағатта жас өрендер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы біраз мәлемет алып, толық қанды таныс болды.
2019 жылы 12 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық универсиетінің ұйымдастыруымен облыстық «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам!» атты онкүндігі шеңберінде «Үштілді білім беру: 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары, облыстың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты.
4 ақпанда конференц-залда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сабыр Дулатұлы Молдағалиевпен «English for Jastar» партиялық жобасы бойынша кездесу өтті. Жобаның мақсаты: ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ауыл балалары мен мұғалімдеріне тілдік орта құру, волонтерлік қозғалысты дамыту. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылады.
2019 жылдың 1 ақпанында Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Сарыкөл ауданының мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараға кафедра меңгерушісі Д.А. Жуламанова мен оқытушы А.И. Рядинская кіріспе сөздерін айтып өтті. 2019-2020 оқу жылына ҚМПУ-ға түсу ерекшеліктері, филология факультетінің жетістіктері, білім беру үрдісі туралы болашақ талапкерлермен әңгімелесті. Сонымен қатар, іс-шараға 1-2 курс студент белсенділері қатысты, олар біздің университет қабырғасында оқу туралы, студенттердің бос уақытын қалай ұйымдастыру туралы өз пікірлерімен бөлісті.
2019 жылы 11 қаңтар айында ҚМПУ филологиялық факультетінің көптілділік орталығы, ағылшын тілінде сабақ жүргізетін оқытушыларға арналған “Active Methods of Teaching English” атты шеберлік - класс циклын ұйымдастырды. Аталған іс-шараны өткізу үшін филология факультетінің тілдік дайындық оқу-тәрбие орталығының және шет тілдер кафедрасының оқытушылары Кускадамова К.С., Асанова А.Б. қатысты. Шеберлік - класс циклы бағдарламасының мақсаты оқу жоспарының мазмұнын ағылшын тілінде оқытумен ықпалдастыру және қатысушылардың тілдік құзыреттілігін жақсарту болып табылады.
2018 жылғы 24 желтоқсанда неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқитын 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттері Рождество (Weihnachten) мерекесіне арналып безендірілген дәрісханада жиналып, рождество мерекесіне арналған әндер, сахналық қойылымдар және дәмді тағамдармен атап өтті. Қатысушылар мерекені көңілді, қызықты және есте қаларлықтай өткізу үшін бар күш-жігерлерін жұмсады. Қатысушылар үшін мереке өте жарқын, жылы және шынайы оқиға болды.
18 желтоқсан 2018 жылы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Исина Д.А. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі Барвинов орта мектебі» КМУ 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысы жүргізді. Оқу профилін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау барысында оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында қолдау көрсету. Аталған оқу орнының оқушылары әңгімелесуді белсенді қолдап, келесі сұрақтар қойды: болашақ мұғалімдерді қандай білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жүзеге асырылады; оқу ақысы бойынша бөліп төлеу мүмкін бе; өткен жылы грантқа түсу үшін қандай балл жинау керек; топтағы студенттердің саны қандай; студенттердің бос уақытын өткізу қызметі қалай ұйымдастырылады.