«English for Jastar» жобасының волонтерлері

4 ақпанда конференц-залда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сабыр Дулатұлы Молдағалиевпен «English for Jastar» партиялық жобасы бойынша кездесу өтті.

Жобаның мақсаты: ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ауыл балалары мен мұғалімдеріне тілдік орта құру, волонтерлік қозғалысты дамыту. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылады.

2018 жылы жоба Денисов, Таран және Сарыкөл аудандарында іске асырылды. Аталмыш жобаға филология факультетінің 5 студенті: Алексеева Дарья Евгеньевна, Уканова Алина Эриковна, Мейрманова Аягөз Мырзабекқызы, Турарова Ақжан Бауыржанқызы, Абдрахманова Мадина Манаровна қатысты.

Студенттерге арнайы бөлме бөлінді, онда ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізіледі. Бірінші күні студенттер тілді білу деңгейін анықтау үшін онлайн тестілеу өткізді. Әр студентте 2 топ (elementary және pre-intermediate), әр топта 20-25 оқушыдан құрылды. Сабақтар күн сайын әрбір топпен НЗМ оқулықтары негізінде, осы жоба үшін арнайы әзірленген «Болашақ» қауымдастығы әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізіледі, ол сөйлеу тілін дамытуға бағытталған.

Қазіргі уақытта жобаның міндеттерін іске асыру үшін ағылшын тілін озық деңгейде меңгерген отандық мамандар тартылуда.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «English for Jastar» жобасының волонтерлері