Латын негізді қазақ әліпбиін үйренейік
- Подробности
- Опубликовано: 15 февраля 2019
15.02.2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінде «Латыннегізді қазақ әліпбиі» оқу-әдістемелік кабинеті ашылды. Кабинет жаңа қазақ әліпбиін көпшілікке үйретуде, қазақ тілінің жаңа емле ережелерін түсіндіруде әдістемелік көмек көрсетеді, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысады. Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.
Оқу-әдістемелік кабинеттің ашылу рәсіміне Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әкімшілік басқармасының басшысы Әбдіхалықов Айдос Тұрсынбайұлы, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Бимағанбетов Кенжеғали Әмірғалиұлы, Қостанай облыстық жастар саясаты басқармасының бастығы Жұркабаев Марат Кенжебекұлы, ҚМПУ аппарат жетекшісі Бекмағамбетов Руслан Қабдуғалиұлы және БАҚ өкілдері қатысты.
Қонақтар құттықтау сөздерінде қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз әліпбиін мемлекеттік деңгейде өз еркімен таңдап отырғандығына, жаңа әліпби тәуелсіз сананың жаңғыруына бастайтындығына тоқталып, кабинет жұмысына сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында филология факультетінің 1 курс студенттері ақындардың тіл туралы өлеңдерін оқыды.
Фотогалерея
https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2305109562842457