Мәдениет пен тіл

2018 жылғы 24 желтоқсанда неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқитын 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенттері Рождество (Weihnachten) мерекесіне арналып безендірілген дәрісханада жиналып, рождество мерекесіне арналған әндер, сахналық қойылымдар және дәмді тағамдармен атап өтті.

Қатысушылар мерекені көңілді, қызықты және есте қаларлықтай өткізу үшін бар күш-жігерлерін жұмсады. Қатысушылар үшін мереке өте жарқын, жылы және шынайы оқиға болды. Рождество мерекесі барлық тілде де, үміттің және қайырымдылықтың символы болып табылады.

Шет тілінде өткізілетін тақырыптық іс – шаралар оқытылатын тілдің дағдыларын үйренуде кітапта берілетін жаттығулардан өзгеше формада студенттердің тілге деген қызығушылығын оятуға үлкен көмегін тигізеді.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз