«ҚМПУ-ға оқуға кел!»

2019 жылдың 1 ақпанында Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Сарыкөл ауданының мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі Д.А. Жуламанова мен оқытушы А.И. Рядинская кіріспе сөздерін айтып өтті. 2019-2020 оқу жылына ҚМПУ-ға түсу ерекшеліктері, филология факультетінің жетістіктері, білім беру үрдісі туралы болашақ талапкерлермен әңгімелесті. Сонымен қатар, іс-шараға 1-2 курс студент белсенділері қатысты, олар біздің университет қабырғасында оқу туралы, студенттердің бос уақытын қалай ұйымдастыру туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Оқушылар қызығушылық танытып, оқытушыларға да, студенттерге де сұрақтар қойды, академиялық ұтқырлық шеңберінде басқа ЖОО-да оқу мүмкіндігі, мектепте тәжірибеден өту ерекшеліктері туралы өзекті мәселелер болды.

2 курс студенттері оқушыларға үш тілді білу викторинасын өткізіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызықты ақпаратты қамтитын буклеттер таратты.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз