“Active Methods of Teaching English” шеберлік - класс циклы
- Подробности
- Опубликовано: 11 января 2019
2019 жылы 11 қаңтар айында ҚМПУ филологиялық факультетінің көптілділік орталығы, ағылшын тілінде сабақ жүргізетін оқытушыларға арналған “Active Methods of Teaching English” атты шеберлік - класс циклын ұйымдастырды. Аталған іс-шараны өткізу үшін филология факультетінің тілдік дайындық оқу-тәрбие орталығының және шет тілдер кафедрасының оқытушылары Кускадамова К.С., Асанова А.Б. қатысты.
Шеберлік - класс циклы бағдарламасының мақсаты оқу жоспарының мазмұнын ағылшын тілінде оқытумен ықпалдастыру және қатысушылардың тілдік құзыреттілігін жақсарту болып табылады.
Бағдарлама келесі бағыттар бойынша құрылған: тілдік дағдыларын, ойлау қабілеттін дамыту және алдыңғы білім мен тілдік қатынасты белсенді түрде ұштастыра білу.
Шеберлік - класс циклы барысында оқытушылар заманауи технологиялар мен жаңа оқыту әдістерін пайдалана отырып, қатысушылардың негізгі тілдік дағдыларын дамыту мен жаңғыртуға бағытталған біріктірілген сабақтарын көрсетті.
Ұсынылған негізгі әдістер: коммуникативтік, күрделі жан-жақты әдіс, физикалық әрекет ету әдісі, демонстрациялық әдісі, сондай-ақ, сыни ойлауды дамытуға бағытталған ойын технологияларымен таныстырды.
Іс-шараға қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында белсенділік пен қызығушылық танытып, ағылшын тілін меңгеруде жоғарғы біліктілік деңгейін көрсетті. Мастер-класс іс-шарасы соңында қатысушылар мен оқытушыларға сертификаттар тапсырылды.