Филология департаменті студенттер рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының бірін жүзеге асыру мақсатында қала мектептерінің оқушылары үшін 2020 жылдың 22 қаңтарында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл шара университетпен танысу үшін ғана емес, сонымен қатар оқушыларға болашақ жолды анықтауда дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік берді.Іс-шараға Қостанай қаласының (№ 8, № 7, № 23, № 18, № 16, № 2, № 3, № 5, № 17, № 115) мектептерінен 80-нен астам оқушы қатысты.Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін маңызды әрі пайдалы болды. Филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Нұрмұхаметова "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сілтеме жасай отырып, мұғалім мамандығының беделін, сондай-ақ қазіргі әлемдегі трендтердің бірі ретінде тілдерді білудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
2020 жылы 15 қаңтар айында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология Департаментінің көптілділік орталығында ағылшын тілінде сабақ жүргізетін мұғалімдерге «Басқа тәсілмен оқыту: оқытуда шығармашылық ойлау барысында тіл дағдыларын дамыту» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік - класс жетекшісі, көптілділік орталығының маманы, Департамент филологиясының ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы Кускадамова К.С.
2019 жылы 12 желтоқсанда филология департаментінің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламалары ҚР Тәуелсіздік күніне және Жастарды қолдау жылына орай департамент студенттерімен арнайы кездесу өткізді. Филология департаментінің басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Сейсембай Т.Т., Кинжибаева А.С. студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, төмендегі номинациялар бойынша студенттерді алғыс хат, мақтау қағазымен марапаттап, сертификаттар табыстады.
2019 жылы 6 желтоқсанда Қарағанды қаласында өткен Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Қазақстан менің Отаным» атты V Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда Филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Сабыржан Нұрсұлтан «Жошы ұлысы және Алтын Орданың дүниежүзілік мәдениетте алатын орны» секциясы бойынша III орын иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұжымы Нұрсұлтанды ғылым жолындағы жетістіктерімен құттықтайды.
2019 жылы 6 желтоқсанда филология департаменті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасының «Тіл мен әдебиет – рухани мұра» атты әдістемелік апталығының аясында аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Сейсембай Талғат Тұрарбекұлы «Латын графикасындағы қазақ тілі емлесін оқыту әдістемесі» пәні бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенттеріне «Шеттілдік сөздердің орфоэпиясы мен орфографиясы» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.
2019 жылы 6 желтоқсанда филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау) білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Жұмашев Мұрат Дүйсенұлы мен «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 4 курс студенттері Д.М. Ихсан мен Д. Соболь Рудный қаласы әкімдігінің «№ 15 орта мектебінде» кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Мектептің 11 сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.
2019 жылы 5 желтоқсанда филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау) білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Шолпанбаева Г.А., мен Байменова Б.Ж. оқу-әдістемелік апталық аясында «Математика», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 1 курс студентері арасында «Мен – тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Эссе байқауының мақсаты: студенттерді тәрбиелеу барысында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Студенттер шығармашылық өнерлерін көрсете отырып, берілген тақырыпқа өздерінің қөзқарастарын қазақ тілінде сауатты жеткізді.
Халқымыздың Тәуелсіздікке жету жолында құрбан болған батырларымызды, шешен жырауларымызды, қоғам қайраткерлерін, өз заманының шындығын шынайы суреттеген ақын-жазушыларымыздың мұраларын қастерлеу – біздің перзенттік парызымыз. Солардың бірі қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихындағы ең көрнекті, таңдаулы сөз зергері – Бейімбет Жармағанбетұлы Майлин. 2019 жылдың 4 желтоқсан күні филология департаментінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының апталығы аясында Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Бейімбет мұрасы – дәуір шежіресі» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
2019 жылы 4 желтоқсанда филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Безаубекова Алмагүл Дәненқызы 1 курс студенттерімен қазақ тілі пәнінен «Кәмшат Дөненбаева» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы бойынша смарт мақсат: «Сын есімнің мағыналық түрлері» грамматикалық тақырыпты қайталау, «Кәмшат Дөненбаева» лексикалық тақырыпты мәтін арқылы меңгерту.Студенттер оқылым бойынша мәтінді «Оймоншақ» әдісімен тізбектеп оқып шығып, сөздікпен жұмыс, хронологиялық кестемен жұмыс жасады.
2019 жылы 3 желтоқсанда филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау) білім беру бағдарламасының апталығы аясында «Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Мақсаты – 3-4 курс студенттеріне кәсіби тәжірибе алдында бағыт- бағдар беру, мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісу. Семинарға Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Салыкова Асель Дарияновна және Ержанова Махаббат Маратовна, С.Мәуленов атындағы гимназиясының тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Міркемел Айнұр Мұратқызы, №11 орта мектебінің педагог-эксперті Құрманова Айғаным Мейрамбекқызы қатысты.