Кәсіби бағдар жұмыстары
- Подробности
- Опубликовано: 06 декабря 2019
2019 жылы 6 желтоқсанда филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау) білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Жұмашев Мұрат Дүйсенұлы мен «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 4 курс студенттері Д.М. Ихсан мен Д. Соболь Рудный қаласы әкімдігінің «№ 15 орта мектебінде» кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Мектептің 11 сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар университет, департамент және білім беру бағдарламалары туралы оқушыларға ақпараттар беріп өтті. Студенттік өмірдің қызығымен бөлісіп, бізідің университет қабырғасында білім алу – жарқын болашаққа бастар жол екендігін баса айтты. Филология департаментінде білім алуға 4 оқушы қызығушылық танытты.