Филология департаменті болашақ студенттерге есігін айқара ашты
- Подробности
- Опубликовано: 22 января 2020
Филология департаменті студенттер рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының бірін жүзеге асыру мақсатында қала мектептерінің оқушылары үшін 2020 жылдың 22 қаңтарында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл шара университетпен танысу үшін ғана емес, сонымен қатар оқушыларға болашақ жолды анықтауда дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік берді.
Іс-шараға Қостанай қаласының (№ 8, № 7, № 23, № 18, № 16, № 2, № 3, № 5, № 17, № 115) мектептерінен 80-нен астам оқушы қатысты.
Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін маңызды әрі пайдалы болды. Филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Нұрмұхаметова "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сілтеме жасай отырып, мұғалім мамандығының беделін, сондай-ақ қазіргі әлемдегі трендтердің бірі ретінде тілдерді білудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Білім беру бағдарламасы туралы толық ақпаратты Филология департаменті білім беру бағдарламаларының жетекшілері Сейсембай Т.Т., Бримжанова К.С., Кинжибаева А.С. ұсынып, қонақтарды мамандықтың негізгі бағыттарымен, жетістіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, олар білім беру бағдарламалары туралы барлық ақпарат университеттің сайтында орналастырылғанын айтты.
Филология департаментінің 2-4 курс студенттерінің сөз сөйлеуі оқушыларға студенттік атмосфераға шығуға, студент көзімен студенттік өмір туралы, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алу және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері туралы, сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлыққа студенттердің қатысуы туралы жан-жақты білуге көмектесті.
Мемлекеттік қызмет және рекрутирлеу басқармасының бастығы Ковалева Н.В. университетке түсу шарттарымен, қабылдау науқанының ақпараттық материалдарымен таныстырды. Қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен анкеталар таратылды.
Ресми бөлімнен кейін студенттер Ұлы Абай шығармаларынан өлеңдер оқып, өз таланттарын көрсетті. Соңында студенттердің орындауында патриоттық ән шырқалды.
Сонымен қатар Латыннегізді қазақ тілі әліпбиі оқу-әдістемелік кабинетіне, Жобалық кеңсеге, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасына экскурсия ұйымдастырылды.
Жалпы мектеп оқушыларымен кездесу өзара түсіністік пен құрмет жағдайында өтті. Біздің студенттер мен департамент оқытушылары ұсынған ақпараттардың арқасында талапкерлерге кәсіби бағдар беру жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға қатысушылар ашық есік күнін ұйымдастырғаны және қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді.