Ағылшын тілін «Басқа тәсілмен оқытудағы: шығармашылық ойлау барысындағы тіл дағдыларын дамыту» шеберлік-классы
- Подробности
- Опубликовано: 15 января 2020
2020 жылы 15 қаңтар айында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология Департаментінің көптілділік орталығында ағылшын тілінде сабақ жүргізетін мұғалімдерге «Басқа тәсілмен оқыту: оқытуда шығармашылық ойлау барысында тіл дағдыларын дамыту» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Шеберлік - класс жетекшісі, көптілділік орталығының маманы, Департамент филологиясының ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы Кускадамова К.С.
Жұмыс барысында оқытушы шет тілінде сөйлеу құзіреттілігін дамытуға бағытталған оқытушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастырудың практикалық құрылымдары ұсынылды.
Осы шеберлік-класстың мақсаты - диалогтік және монологтық сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ағылшын тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер көрсету.
Бағдарлама келесі бағыттар бойынша құрылған: тілдік дағдыларды дамыту, ақыл-ой қабілеттерін дамыту және алдыңғы білім мен тілдік қатынасты белсенді түрде ұштастыра білу.
Шеберлік-класс барысында оқытушылар ағылшын тілі сабақтарында ауызша сөйлеу дағдыларын тиімді дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар жасады.
Ұсынылған негізгі әдістер: коммуникативтік, күрделі жан-жақты әдіс, физикалық әрекет ету әдісі, демонстрациялық әдісі, сондай-ақ, сыни ойлауды дамытуға бағытталған ойын технологияларымен таныстырылды.
Іс-шараға қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында белсенділік пен қызығушылық танытып, ағылшын тілін меңгеруде жоғарғы біліктілік деңгейін көрсетті.