Жастар – Тәуелсіздік тірегі

2019 жылы 12 желтоқсанда филология департаментінің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламалары ҚР Тәуелсіздік күніне және Жастарды қолдау жылына орай департамент студенттерімен арнайы кездесу өткізді. Филология департаментінің басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Сейсембай Т.Т., Кинжибаева А.С. студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, төмендегі номинациялар бойынша студенттерді алғыс хат, мақтау қағазымен марапаттап, сертификаттар табыстады:

  • Университеттің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмыстарындағы ерекше нәтижелері мен оқудағы үздік академиялық жетістіктері үшін 1-4 курс аралығындағы ең үздік студенттер;
  • Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Мен – елімнің ұланымын», «Моя родина – Казахстан», «Independence – support of the country» тақырыбындағы эссе байқауында жүлделі орын алған 1-3 курс студенттері;
  • «Атамекен» ҚР ҰКП өткізген 36 факультативтік сағат аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтаған 3-4 курс студенттері.

Департаментте білім алып жатқан студенттер құттықтау сөз сөйлеп, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Турентаева Ақмарал мен Каримова Диана әуезді ән шырқады.

12 12 2019kf3

12 12 2019kf2

Фотогалерея

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз