Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 04 декабря 2019
2019 жылы 4 желтоқсанда филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Безаубекова Алмагүл Дәненқызы 1 курс студенттерімен қазақ тілі пәнінен «Кәмшат Дөненбаева» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы бойынша смарт мақсат: «Сын есімнің мағыналық түрлері» грамматикалық тақырыпты қайталау, «Кәмшат Дөненбаева» лексикалық тақырыпты мәтін арқылы меңгерту.
Студенттер оқылым бойынша мәтінді «Оймоншақ» әдісімен тізбектеп оқып шығып, сөздікпен жұмыс, хронологиялық кестемен жұмыс жасады. Жазылым бойынша тапсырмалар – мәтіннің ішінен сын есімдерді тауып жазу, жаттығу жұмысы. Айтылым бойынша – мәтіннің мазмұнын үш тілде айтып, өз ойларын ортаға салу. Рефлексия, бірін - бірі бағалау, студенттермен сұрақ-жауап әдісі, смарт мақсат, сыни тұрғыдан оқыту технологиясы сияқты жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер қолданылды. Көрнекілік ретінде PREZI үлгісіндегі презентация, видеоматериалдар қолданылды.
Практикалық сабақтың өткізілу нәтижесі сабаққа қатысушылар тарапынан талданып, сабақ ғылыми-әдістемелік талаптарға сай деген шешім шығарылды.