«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының 4 курс студенті Ихсан Данияр Маратұлын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен ұйымдастырылған дербес шәкіртақылар тағайындау конкурсының жеңімпазы атануымен құттықтаймыз.
Жеңімпаздарды марапаттау Салтанаты 2019 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді.
Даниярға өз армандарына батыл қадам басып, болашақта үлкен жеңістерге жетуді, биік белестерді бағындыруды тілейміз!
2019 жаңа жылдың 12 қыркүйегінде Француз-мәдени орталығында оқу жылының басталуына арналған мереке өтті. Іс-шараға: француз тілінде сөйлейтін «Тобол» клубының қақбашысының жұбайы Лу Кассай, «Тобол» футбол клубының шабуылшысының жұбайы Фатим Сенин, ҚМПУ, ЧелГу студенттері мен оқытушылары, мектеп оқушылары мен тілдік курстың студенттері қатысты. Мерекенің мақсаты – орталықпен танысу және жаңа оқу жылына арналған жоспарларды талқылау болатын.
2019 жылдың 10 қыркүйегінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латыннегізді қазақ әліпбиінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Іс-шараға барлығы 106 студент тартылды.
2019 жылығы 17 маусымнан 25 маусым аралықғында филология факультетінде Көптілділік орталығында жазғы тіл мектебі жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберінде ҚМПУ 30 оқытушысы және қызметкерлері ағылшын тілінен деңгейін тілдік ортада арттыра алды. Күн сайын сабақтар компьютерлік технологияларды және оқытудың инновациялық әдісін пайдаланумен өтті. Мектеп бағдарламасы әртүрлі болып, тілді пысықтаумен мамандық дағдыны қалыптастыру, ой - өрісін кеңейтуге, сол сияқты ағылшын тілді елдер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.
Бұл тақырып орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2019 жылдың 25 сәуір айында өткен ғылыми-практикалық конференцияға арналды. Конференция шеңберінде «Қазіргі әдебиет», «Когнитивті лингвистика мәселелері», «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» үш секция жұмысы ұйымдастырылды. «Қазіргі әдебиет» секциясының жұмысы қазылар алқасы мүшелерімен бағаланды: Т.Р. Пчелкина ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор – қазылар алқасының төрағасы.
2019 жылдың 24 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Педагогика және психология факультетінің 1-2 курс студентеріне латын графикасына негізделген қазақ тілі емле ережесінің құрылымы мен мазмұнын таныстыру болды. Аталған шараға Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы К.Ә.Бимағанбетов, латыннегізді қазақ әліпбиі оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Т.Сейсембай қатысты.
12 сәуір күні ДББҰ "Назарбаев Зияткерлік мектебі" "Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалында "Зерттеудегі бір қадам-дамудың жүз қадамы" атты аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті, оның негізгі міндеті Қостанай облысының әр түкпіріндегі жас зерттеушілерді біріктіру болды, бұл туралы іс-шараның пленарлы бөлігін өткізу кезінде акт залы толық болды. Секциялық жұмыс әр түрлі ғылым саласын ұсынған бағыттар бойынша жүзеге асырылды.
11-ші сәуір күні филология факультетінің түлегі Савичева Елена Юрьевна "Дәстүрлі емес әдебиет сабақтары" атты мастер-класс өткізді. Савичева Елена Юрьевна 2014 жылы университетті бітіріп, кейін АМПУ магистратурасына сәтті түсті. Герцен (Санкт-Петербург қ.) № 684 "Берегиня" ЖОББМ ГБОУ жұмысқа орналасты. Іс – шараның мақсаты-дәстүрлі емес әдебиет сабақтары туралы айту, педагогикалық тәжірибемен бөлісу, педагогикалық салада жұмыс істеуге деген ынта-ықыласын арттыру.
11-ші сәуір күні филология факультетінде, факультет түлегімен мотивациялық кездесу болды. Савичева Елена Юрьевна 2014 жылы университетті бітіріп, кейін АМПУ магистратурасына сәтті түсті. Герцен (Санкт-Петербург қ.) № 684 "Берегиня" ЖОББМ ГБОУ жұмысқа орналасты. Филология факультетінің түлегі орыс тілі мен әдебиетін оқыту ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысында да тәжірибесі бар, себебі мектепте тәрбие оқу жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Савичева Елена Юрьевна "Ресейлік оқушылардың қозғалысы" Санкт-Петербург аймақтық бөлімшесінің қызметіне белсенді қатысады.
2019 жылғы 4 сәуірде Сұлтанғазин университетінің профессорлық-оқытушылық құрамына жаңа әліпбиге негізделген емле ережесіндегі тараулар, параграфтар, ескертулер бойынша тілдік орфографиялық білім беру мақсатында кезекті дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова, «Латыннегізді қазақ әліпбиі» оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Сейсембай қатысты.