Емле ережесі – сауаттылық кепілі
- Подробности
- Опубликовано: 04 апреля 2019
2019 жылғы 4 сәуірде Сұлтанғазин университетінің профессорлық-оқытушылық құрамына жаңа әліпбиге негізделген емле ережесіндегі тараулар, параграфтар, ескертулер бойынша тілдік орфографиялық білім беру мақсатында кезекті дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова, «Латыннегізді қазақ әліпбиі» оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Сейсембай, жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеттерінің оқытушылары қатысты. К.Бимағанбетов өз сөзінде латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктері жайында айтып өтті. Оқытушы А.Миркемелова жаңа әліпбидің емле-ережесінің ерекшеліктеріне тоқталды.
Ақпараттық жиынға қатысқан университет мұғалімдері белсенділік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын да айтты.