Жалпықазақстандық диктант
- Подробности
- Опубликовано: 10 сентября 2019
2019 жылдың 10 қыркүйегінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латыннегізді қазақ әліпбиінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.
Іс-шараға барлығы 106 студент тартылды. Диктант кафедра оқытушылары тарапынан тексеріліп, нәтижесі туралы есеп Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жанынан құрылған жұмыс тобына жіберілді.
https://ok.ru/profile/591721080357/album/881076202789
https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2673940005959409