2018 жылдың 20 қазанында филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова К.Қ. Қазақстан-Қостанай ұлттық телеарнасының тілшілеріне латын әліпбиінің ереже, емлелеріне қатысты сұхбат берді. Сұхбаттың мақсаты - латын графикасына негізделген әліпбиге көшу барысынан хабардар ету. Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу бағытын жүзеге асыру мақсатында өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасаған жобасы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау жұмыстары Қостанайда жалғасуда. Жолдауды талқылауға университетіміздің оқытушылары да үлес қосып жүр, соның бірі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы.
2018 жылдың 18 қазанында филология факультетінің студенттері «Тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау «Yмiт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мен «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-сі мен бірлесе өткізген «Жастар ортасында, жас отбасын қолдауға, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар комплексін өткізу» жобасын жүзеге асырудың қоғамдық тыңдалымына қатысты.
Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2018 жылғы 12 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбында өткізілген ақпараттық-насихаттау шарасына қатысты.
2018 жылдың 11 қазанында шетел тілдері кафедрасы Kundelik.kz электрондық журналдар мен күнделіктерінің бірыңғай жүйесі бойынша тренинг ұйымдастырды. Тренингке 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011800 - «Орыс тілі және әдебиеті», 5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының 3-4 курс студенттері қатысты. М. Қозыбаев атындағы №23-ші орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі - Ажиниязова Жанна Мұратқызыспикер ретіндеқатысты.
Ұстаз – ұлағатты есім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаз еңбегін елемеу – қасиетсіздік. Қазақстанда бұл мереке қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Филология факультетінде де бұл мереке елеусіз қалған жоқ. Қазан айының 5-күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.
Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен қарашаның үші күні көрнекті ақын, жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық рухани құндылық: Қазіргі замандағы көркем сөздің жан дүниені жанартудағы ықпалы» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция мақсаты Қ.Жармағанбетовтың әдеби-зерттеу туындыларының, көркем мұраларының жан дүниені жаңартудағы ықпалын таныту.
2018 жылдың 27 қыркүйегі күні филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен "Жастар шығармашылығын дамыту мен қолдау – рухани жаңғыру негізі" тақырыбында облыстық "Қостанай таңы" газетінің редакция ұжымымен кездесу болып өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды шығармашылыққа баулу, жергілікті баспасөзбен шығармашылық байланыс орнату, қоғамдық сананы жаңғырта отырып, белсенділіктерін арттыру.
2018 жылдың 20 қыркүйегінде еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Астана - бейбітшілік бесігі» - атты тақырыпта жалпықазақстандық ашық диктант жаздыру акциясы болып өтті. Диктанттың негізгі мақсаты – жастардың мемлекеттік тілде сауаттылығын арттыру, патриотизм мен ел бірлігін нығайту. Бұл аталған шараға 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері қатысты.
Қыркүйектің тоғызыншы жұлдызында ұлы орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың 190 жылдығы болды. 21 қыркүйек күні Қостанай қаласының жазушымен аттас кітапханасында осы күнге арналған іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттері қонақ ретінде шақыртылды. Іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарға Толстой шығармашылығын жан-жақтылығы үшін, ойының кеңдігі үшін, терең философиялық өміршеңдігі үшін құрмет тұратындығын және жақсы көретіндігін көрсету болды. Лев Николаевич және оның жарқын, құнды тағдыры жайында көп айтылды А.М Горький айтқандай: «Толстой-ол толық әлем».