Жастар шығармашылығын дамыту мен қолдау – рухани жаңғыру негізі

2018 жылдың 27 қыркүйегі күні филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен "Жастар шығармашылығын дамыту мен қолдау – рухани жаңғыру негізі" тақырыбында облыстық "Қостанай таңы" газетінің редакция ұжымымен кездесу болып өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды шығармашылыққа баулу, жергілікті баспасөзбен шығармашылық байланыс орнату, қоғамдық сананы жаңғырта отырып, белсенділіктерін арттыру.

Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-4 курс студенттері қатысып, газет тілшілері Н.Ж.Құлабаев, Қ.Қиысхан, Ж.Жүсіпбектермен бүгінгі қоғамдағы көкейтесті мәселелер, жастар шығармашылығын дамыту мен қолдау төңірегінде пікір алмасты.

Сонымен қатар студенттер төл шығармаларын оқып, қонақтармен қазіргі поэзия, жергілікті баспасөздің өзекті мәселелері, шығармашылық байланыс туралы мазмұнды сұхбат құрды.

Бұл игі кездесу "Қостанай таңы" облыстық газетінің редакциясында жалғасын таппақшы.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Жастар шығармашылығын дамыту мен қолдау – рухани жаңғыру негізі