Орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың 190 жылдығы болды

Қыркүйектің тоғызыншы жұлдызында ұлы орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың 190 жылдығы болды. 21 қыркүйек күні Қостанай қаласының жазушымен аттас кітапханасында осы күнге арналған іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттері қонақ ретінде шақыртылды.

Іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарға Толстой шығармашылығын жан-жақтылығы үшін, ойының кеңдігі үшін, терең философиялық өміршеңдігі үшін құрмет тұратындығын және жақсы көретіндігін көрсету болды. Лев Николаевич және оның жарқын, құнды тағдыры жайында көп айтылды А.М Горький айтқандай: «Толстой-ол толық әлем».

Шақырылған құрметті қонақтардың ішінде Қостанай Мемлекеттік Университетінің және Словян Академиясының профессоры Юрий Яковлевич Бондаренко,Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанайдағы бөлімінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары кафедрасының доценті Александр Валерьянович Видершпан, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерий Александрович Захарьев, Қостанай облысының орыс драма театрының басты актрисасы Любовь Ивановна Ромадина,Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті және көркем сөз шебері Марина Печоркина,кітапханашы Анара Базарбай болды. Қонақтар жиналған қауыммен өз ойларымен бөлісті және «Война и мир»,«Анна Каренина», «Детсво» секілді атақты шығармалардан үзінділер оқыды. Бұл Л.Н Толстойдың шынайы және қызықты өміріне және шығармашылығына үңілу болды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың 190 жылдығы болды