Латын әліпбиіне көшудегі ереже, емлелерінің талқылану барысы
- Подробности
- Опубликовано: 20 октября 2018
2018 жылдың 20 қазанында филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова К.Қ. Қазақстан-Қостанай ұлттық телеарнасының тілшілеріне латын әліпбиінің ереже, емлелеріне қатысты сұхбат берді.
Сұхбаттың мақсаты - латын графикасына негізделген әліпбиге көшу барысынан хабардар ету.
Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу бағытын жүзеге асыру мақсатында өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасаған жобасы. Аталған жобаға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушылары латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілінің жаңа емле ережелері жобасына сараптама жасап, бірқатар ұсыныстар берді.
Сұхбатты төмендегі сілтемеге өту арқылы көруге болады. http://kostanaytv.kz/ru/archive/programs/programs_social/tilkogam/831856
Канапина С.Г.