Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауын талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 18 октября 2018
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау жұмыстары Қостанайда жалғасуда. Жолдауды талқылауға университетіміздің оқытушылары да үлес қосып жүр, соның бірі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы.
Есіркепова К.Қ. осы мақсатпен Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының Қостанайдағы 6697 әскери бөліміне барып, жолдауды талқылау жұмыстарын жүргізді. Жолдауды талқылауға қатысқан әскерилер талдауда белсенділік танытты. Қызықтырған сұрақтарын қойды. Әскери қызметшілер Елбасының жолдаудағы көтерген мәселелерін талқылай отырып, ел алдындағы борыштарын өтеуде өз бағыттарын айқындады.
Сондай-ақ, Кенжегүл Қабылғазықызы жолдаудағы «Педагог мәртебесі» мәселесі бойынша «Алау» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбатта қабылданатын заңның сипаты мен маңыздылығы туралы сөз қозғалды.
Талқылау сәтін төмендегі сілтемелерге өту арқылы көруге болады http://kostanaytv.kz/kz/news/zholdau2018/eskerilerge-zhuktelgen-zhauapkershilik-arta-tuspek
Қанапина С.Ғ.