4 маусымнан 15 маусым 2018 жылы аралықтарында филология факультетінде Көптілділік орталығында жазғы тіл мектебі жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберінде ҚМПУ 30 оқытушысы және қызметкерлері ағылшын тілінен деңгейін тілдік ортада арттыра алды. Күн сайын сабақтар компьютерлік технологияларды және оқытудың инновациялық әдісін пайдаланумен өтті. Мектеп бағдарламасы әртүрлі болып, тілді пысықтаумен мамандық дағдыны қалыптастыру, ой - өрісін кеңейтуге, сол сияқты ағылшын тілді елдер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.
29 мамырда Көптілділік орталығында түрлі деңгейде тіл үйрену курстарында сертификат тапсыру өтті. 2017-2018 оқу жылында ҚМПУ оқытушылары, қызметкерлер мен студенттері үнемі ағылшын тілі сабақтарына қатысты. Оқу кезінде тыңдаушылар түрлі әдістермен оқып, жаңа білім алып, оларды өз мамандықтарында пайдаланатын болды, сол сияқты ағылшын тілін коммуникация тілі ретінде пайдаланып, өздерін еркін сезінді.
2018 жылы «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Үздік студент» жобасы болып өтті. Жоба аясында шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің 1-ші кітап жинағына енгені үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультеті «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Данияр Ихсан Алғыс хатпен марапатталды.
26 сәуір күні «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының студенттері, ФГБОУ ВО "Челябі мемлекеттік университет" Қостанайлық филиалы студенттері, және мектеп оқушылары арасында «ХХI ғасыр жастары мен ғылым» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. 5 бөліміне 45 адам қатысты. Қазіргі әдебиет тенденциясы, оны мектепте оқыту мәселесіне байланысты қызу әңгіме «Қазіргі әдебиет» бөліміндеболып өтті (Бөлімнің жетекшісі Пчелкина Т.Р., ф.ғ.к.).
2018 жылдың 26 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің экономикалық факультетінің базасында «Оқу үдерісіндегі сандық теңдеу: теориялық, әдістемелік және практикалық аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шараның модераторы Н.Т. Сартанова экономика ғылымдарының кандидаты, ҚМУ қаржы және банк ісі кафедрасының доценті. Дөңгелек үстелде қатысушылар: Экономика факультетінің оқытушылары мен студенттері.
2018 жылдың 24 сәуірінде тілдер дайындығының оқу тәрбие орталығының филология факультетінің аға окытушылары Абишева С.К. және Сержан-Абдрахманова Ш.К. Қостанай Достық үйінің әлеуметтік-массивті іс-шаралар бөлімінің жетекшісі Набиева Зульфия Рафиковнамен ППФ 1 курс студентерімен кездесу ұйымдастырылды. Облыстық Достық үйінің басты қызметі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен халық Ассамблеясының стратегиясын іске асыру болып табылады. Достық үйінің қызметі ұлтаралық келсімнің одан әрі дамуы, әртүрлі халықтар мәдениетін құрметтеу, бейбітшілік пен достықтың сақталуын қамтамасыз етудегі ең манызды мемелекеттік миссияны жүзеге асыру болып табылады.
Филология факультеті «Шетел тілі: Екі шетел тілдері» мамандығының III курс студенттері Әбдіғаппарова Айсара Балтабекқызы және Нұрмахамбет Балгүл Бейбітжанқызы 2018 жылдың 09 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында академиялық ұтқырлықпен Сорбонна Париж Ситэ университетінің Алматы қаласындағы филиалы, Сорбонна-Қазақстан институтында «Ғылыми зерттеулердің методологиясы» пәні бойынша француздық білім модульінен білімдерін тереңдетіп, тәжірибемен алмасты.
2018 жылдың 14 сəуірінде ГУ негізінде "М. Горький атындағы гимназия Қостанай қаласының білім бөлімінің əкімшілігі" қоғамдық пəндерден Республикалық ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңі өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеттері қатысушылардың ғылыми- іздемпаздық жəне оқу - танымдық əрекеттерін үстемелеу; талантты жəне дарынды жас ғалымдарды іздеу жəне қолдау көрсету; Қазақстан Республикасының интеллектуалды əлеуетін қалыптастыруды насихаттау. Орыс тілі жəне адебиеті бөлімінің жұмысына ҚМПУ оқытушылары қатысты.
2018 жылдың 12 сәуірінде Астана қаласында Еуразия гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен «Ғылым және жаңа ұрпақ - 2018» атты 20-шы ЖОО аралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция барысында ұйымдастырушылар тарапынан үздік баяндамалар анықталып, соның нәтижесінде филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Аманбек Аққозы 3 дәрежелі дипломға, «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері Ихсан Данияр, Султанова Әсем авторлық бірлестікте дайындалған баяндамалары үшін 3 дәрежелі дипломға ие болды.
2018 жылдың 11 сәуірінде филология факультетінің шет тілдер кафедрасында жыл сайынғы мектеп оқушылары мен әртүрлі оқу орындарының студенттері үшін студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға ҚМПИ-дің Шетел тілдері кафедрасының 3,4 курс студенттері, ҚФ ЧелМУ студенттері, Қостанай қаласының мектептері мен гимназиясының оқушылары қатысты. Конференция болашақ мұғалімдер мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың оң динамикасын қалыптастыру, қазіргі заманғы шет тілін оқытудың сындарлы талқылауы арқылы білім субъектілерінің арасындағы диалогты қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.