Қазақстан - Сарбонна институтының филиалындағы студенттерге арналған семинар

Филология факультеті «Шетел тілі: Екі шетел тілдері» мамандығының III курс студенттері Әбдіғаппарова Айсара Балтабекқызы және Нұрмахамбет Балгүл Бейбітжанқызы 2018 жылдың 09 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында академиялық ұтқырлықпен Сорбонна Париж Ситэ университетінің Алматы қаласындағы филиалы, Сорбонна-Қазақстан институтында «Ғылыми зерттеулердің методологиясы» пәні бойынша француздық білім модульінен білімдерін тереңдетіп, тәжірибемен алмасты.

Екі апталық модульді арнайы Франциядан шақыртылған тарих ғылымдарының доценті Жулиет Дени жүргізді. Студенттеріміз тілдік білімдерін машықтандырып қана қоймай, жаңа дисциплинаны меңгеріп, үлкен тәжірибе жинап келді. Бұл – ҚМПУ мен Сорбонна-Қазақстан институтының бірлесіп жұмыс істеуіне алғашқы қадам болуымен қатар, болашақта Сорбонна Париж Ситэ университетімен әріптестік қарым-қатынас жасауға кеңінен жол ашты.

 

 

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Қазақстан - Сарбонна институтының филиалындағы студенттерге арналған семинар