Ғылымның болашағы
- Подробности
- Опубликовано: 26 апреля 2018
26 сәуір күні «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының студенттері, ФГБОУ ВО "Челябі мемлекеттік университет" Қостанайлық филиалы студенттері, және мектеп оқушылары арасында «ХХI ғасыр жастары мен ғылым» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. 5 бөліміне 45 адам қатысты.
Қазіргі әдебиет тенденциясы, оны мектепте оқыту мәселесіне байланысты қызу әңгіме «Қазіргі әдебиет» бөліміндеболып өтті (Бөлімнің жетекшісі Пчелкина Т.Р., ф.ғ.к.).
«Қазақстанның орыс тілді әдебиетінің шығармашылық әлемі» Джапашева М., «Сананы кеңейтуге әлемдік интернет желісінің әсері» Тилинина Е. «Қазіргі әдебиеттте алтын жастар тақырыбы» Штепа Я. Бас жүлдеге ие болды.
«Қазақстандағы әдебиеттік процесс» бөлімінде де қызықты баяндамалар болды (Бөлімнің жетекшісі: Матершова А.И., магистр). Ең қызықты баяндамаларды ұсынған: Колыханова Ю. «Қазақстандық авторлар поэзиясының ерекшелігі (Н. М. Чернова, Т. М. Мадзигон, Л. Д. Лезина)», Баранников И. «Ю. Герт «Преодоление» хикаятының тәрбиелік шамасы», Швецов А. «И.Шухов прозасында батырлық тақырыбы». Бөлімде №16 ОМ 10 сынып оқушысы «Суслова А.И. шығармашылығындағы аумақтық компонент» баяндамасымен Чумаков Юрий белсенді қатысты.
«19 ғасыр орыс әдебиетіндегі өзекті мәселелер » бөлімінде (Бөлімнің жетекшісі, Жаркова В.И., ф.ғ.к.). бірінші орынға ие болған, «А.А. Фет шығармашылығындағы жұлдыз символы» баяндамасының авторы, з курс студенті Рахимгулова Х. Екінші орын иегері 4 курс студенті Божко Е. және оның баяндамасы «1880-1890 жылдардағы Чеховтың философиялық хикаяттарында ортақ идеяны іздеу себебі», ал үшінші орынға «Л.Н. Толстой Анна Каренина романының негізіг қабылдау кезеңдері» баяндамасымен 4 курс студенті Нургожаева Ф. ие болды.
«Когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері» бөлімінің жұмысында (Бөлімнің жетекшісі: Сегизбаева К.К) 2-4 курс студенттері мен ЧелМУ студенттері белсене ат салысты. Баяндамалардың тақырыптары әр түрлі болды. Студенттердің ерекше көңіл бөлген тақырыбы когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері, концепт теориясы, әлемдегі қазақ және орыс тілдер мәселесінің өзектілігі.
Бас жүлдеге ие болған з курс студенті Злоедова М. «Қазіргі жарнамалық мәтіндердегі ұлттық стереотиптер» , екінші орын иегері Чел МУ 4 курс студенті Заренкова Е. « Қазіргі тілде архаизмдердің функционалдық мобильдігі», 2 курс студенті Жайшылык А. «Этномәдениеттік лексика» баяндамасымен үшінші орынға ие болды.
Қазіргі тіл білімі мәселесі «Лингвистиканың өзекті мәселелері» бөлімінде (Бөлімнің жетекшісі: Мустакимова Г.В). Жұмыстың қорытындысы: бірінші орын иегері Колыханова Ю. 2 курс студенті «Қ азақстандық авторлардың шығармашылығынд а сөзжасамдық ерекшеліктері (Чернова, Мадзигон, Лезена)», екінші орын 2 курс студенті Стукова А. «Орыс тілінің жаңа құрылымы» баяндамасына берілді, ал үшінші орынға ЧелМУ 3 курс студенті Герговская А. «Оқушылардың орфоэпиялық дағдыларын қызықты жаттығулар арқылы дамыту» баяндамасымен ие болды.
Конференция өзекті топтардың жұмыс нәтижесін, тақырыптардың әркелкілігін, студенттердін ерекше көңіл бөлгендігін көрсетті.