Бір шанырақ астында
- Подробности
- Опубликовано: 24 апреля 2018
2018 жылдың 24 сәуірінде тілдер дайындығының оқу тәрбие орталығының филология факультетінің аға окытушылары Абишева С.К. және Сержан-Абдрахманова Ш.К. Қостанай Достық үйінің әлеуметтік-массивті іс-шаралар бөлімінің жетекшісі Набиева Зульфия Рафиковнамен ППФ 1 курс студентерімен кездесу ұйымдастырылды.
Облыстық Достық үйінің басты қызметі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен халық Ассамблеясының стратегиясын іске асыру болып табылады.
Достық үйінің қызметі ұлтаралық келсімнің одан әрі дамуы, әртүрлі халықтар мәдениетін құрметтеу, бейбітшілік пен достықтың сақталуын қамтамасыз етудегі ең манызды мемелекеттік миссияны жүзеге асыру болып табылады. Достық үйінің ең басты міндеті , қоғамдық келсімді, ұлтық бірлікті және ең бастысы бейбітшілікті сақтау.
Зульфия Рафиковна Қостанай қаласындағы Достық үйінің 2006 жылы алғаш есігін ашқанын айтты. Ұйымның қол астында 18 этномәдени орталық пен 8 жексембілік мектептер жұмыс атқарады. Татар, армян, грек, неміс,азербайджан,поляк,кәріс,еврей ұлттары өздерінің ана тілдері мен мәдениетін ғана емес және де Қазақстан туралы көп тануға мүмкіндігі бар.
Студентер достық үйінің қызметі туралы дөңгелек үстелдер, конференциялар,диалогтар мекемелерге құрауға бағытталғанын білді.Қостанайдағы Достық үйі мәдениеті сақтау және дамыту саласын насихаттау және бүкіл әлемдік ынтымақтастық бағытында ұлттық-мәдени фестивальдер, кештер,шығармашылық кездесулер,көрмелер өткізеді.Барлық ұлттық-мәдени орталықтар Қазақстан халық Ассамблеясының стратегияларын жүзеге асырумен жұмыс істейді: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, бейбітшілік пен келсімнің рухани атмосферасын нығайту.
Сұхбат соңында викторина өткізілді. Зульфия Рафиковнаның сұрақтарына студенттер белсенді жауап берді. Ең қаблетті студентке Достық үйінен сыйлық берілді. Достық үйінің қызметі ең маңызды мемелекеттік миссияны атқаратынына сенімді: ұлтаралық келсімнің ары қарай дамуына, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарау, бірлік пен достықты сақтау болып табылады.Бұл сұхбат студенттерге ерекше достық пен түсіністіктің күні болып есте қалады.