«Жыл студенті – 2018»

2018 жылы «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Үздік студент» жобасы болып өтті. Жоба аясында шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің 1-ші кітап жинағына енгені үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультеті «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Данияр Ихсан Алғыс хатпен марапатталды.

Студенттеріміздің мұндай байқауларда өз баптарын сынауы олардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға, қабілет-қарымын ашуға көмектеседі. Осындай жеңістер мен жетістіктер олардың болашақта өз маманының ғана емес, жеке өмірінде де тұлға ретінде толық қалыптасуына, табысты болуына үлкен жол салады.

Байқаудың мақсаты студенттік жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, институт қабырғасында оқып жүрген аса белсенді студенттерді анықтау.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз