2018 жылдың 22- ші ақпан күні орыс тілі жəне адебиеті кафедрасының оқытушысы Коваль О.В "Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының студенттерімен 2018 жылдың 10-шы қантарындағы Президент жолдауын талқылау жайында тəрбие сағатын өткізді. "Теңізде адасқан кемеге жол табу үшін тұсбағар қаншалықты қажет болса, дəл солай елге де барлығы қарап бет түзейтіндей бағдар беруші керек". Жаңа жылдың бастауы əдетте ел президентітің халыққа жолдауымен тұспа - тұс келеді. 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы төртінші өнеркəсіптік революцияға арналған жəне бол болашаққа бағытталған 10 мақсаттан тұрады.
2018 жылдың 21 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - жаңа латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау.
2018 ж 20-шы ақпанда тілдер дайындығының оқу –тәрбие орталығымен апталық аясында әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинардың тақырыбы: «Шетел тілін меңгеруге арналған интерактивті әдістемелер». Тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы Қ.С.Қосқадамова осы семинар-тренингті жүргізді. Семинардың мақсаты оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады. Қ.С.Қосқадамова семинарға қатысушыларды Германиядағы оқыту әдістерімен ойын арқылы таныстырды. Ол осы әдістерді өзінің сабағында қолданады. Оқыту процесінде ойын моделін пайдалану эмоционалды және ұтымды бірлікті қамтамасыз етеді.
2018 жылдың 18 ақпан күні Қостанай Лев Толстой атындағы облыстық кітапханасының конференция залында «Ассоциации литераторов Северного Казахстана» ҚБ төрағасы, «Ковчег» әдебиеттік бірлестіктің ұйымдастырушысы мен басшысы - Владимир Леонидович Растегинді еске алу күні болып өтті. Бұл күні, белгілі ақынның жылдығында, оның жақын достары, пікірлестері, өлкеміздің танымал авторлары оны еске алып, ақынға арналған өлеңдерін оқыды. Еске алу күнің ақынның досы Андрей Демидович ашты. Оны өткізуде «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының ҚМПИ студенттері де енжар қала алмады.
Тілдер дайындығының оқу-әдістемелік орталығынын тәрбие жұмысының жоспары аясында тілдерді оқыту бойынша 2018 жылдың 17 ақпанында филология факультеті « Деструктивті және жалған діни ағым идеясын тарату қауіптілігі» тақырыбыннда кездесу өткізді. Бұл іс-шараға тілдер дайындығының оқытушылары мен әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «Тарих» мамандығы бойынша I курс студентері қатысты. Бұл кездесулер Қостанай облысы Діни істер басқармасында тіл үйрету оқу орталығының және ҚМУ «Діни мәселерді зерттеу орталығы» мен өзара әрекеттесуімен ұйымдастырылды.
15 ақпан күні 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттерімен куратор Матрешова А.И. «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияндылығы » тақырыбына арналған кураторлық сағат өткізді. Студенттер топтық жұмыс өткізіп- бір топ әлеуметтік желілердің жағымды жағын қарастырса, ал екінші топ жағымсыз жағын қарастырған болатын. Топтық жұмысты талдағаннан кейін презентациядағы жеке баяндамаларды қарауға кірістік. Коновалова Ксения «Әлеуметтік желілердің тарихы» атты презентация дайындады, Twitter, Facebook, ВКонтакте, Instagram атты ең танымал әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуының хронологиясын көрсетті.
14 ақпан күні " Орыс тілі жане əдебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенттері " Жүректен журекке " жобасының аясында " Костанай Зоо пульсте " кезекті қайырымдылық шарасын өткізді. Студенттер өздерінің жетекшілері Матершова А. И. мен бірлесіп азық сатып алып жəне оны баспанаға апарды. Баспананың волонтерлері алғаш келген студенттерге экскурсия өткізді. Олар " Костанай Зоо пульсте" мекендеп жатқандар жайында, бұл жерді бұрыннан мекен еткен жəне жақында сая болған мысықтар жайында айтып өтті.
2018 жылдың 13 ақпанында сағат 11.00-де 520 дәрісханада топ кураторлары Г.А.Сейсембай және Д.А.Алиеваның ұйымдастыруымен филология факультеті «Қазақ тілі мен əдебиеті» жəне «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттеріне «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» тақырыбында әдеби-сазды кеш сипатындағы кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жергілікті ақын-жазушылар шығармашылықтарын насихаттау, жастарды шығармашылыққа баулу, сөз өнерінің құдіретін ұғындыру, эстетикалық тәрбие беру.
12-ші ақпан күні "Төртінші өнеркəсіптік бетбұрыстың жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері",- Қ.Р Президентінің Жолдауына деген менің көзқарасым" атты " Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенттерінің арасында эссе сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 13 адам қатысты. Сайыстың міндеті - Президент Жолдауы жайында білімді жақсарту, патриоттық сезімді күшейту мүмкіншілігін жəне тұлғаның сайысқа бейімділігін арттыру. Студенттер Жолдаудың мəтініне талдау жасап, бүгінгі күнгі ел жетістігін атап өтті. Білім саласына ерекше көңіл бөлінді, болашақ ұстаздар Жолдау мамандықтың беделін көтереді деп есептейді.
7 ақпан күні серпін бағдарламасы бойынша оқыйтын студенттерге «Сіз жалғыз емессің» әлеуметтік жобасының аясында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша филология факультетінің бірінші курс «Мәдениеттер диалогы» үйірмесінің студенттері оқытушылар жетекшілігімен Конисарова Л.А. және Коваль О.В. кездесу өткізді. Бұл іс-шараны өткізу мақсаты ауызша және жазбаша тілді білу, қазақ және орыс халықтарының салт-дәстүрлері және мәдениетімен таныстыру, сөзді құрметтеуге, студенттер арасында байланыс мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.