«Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 21 февраля 2018
2018 жылдың 21 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - жаңа латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау.
Дөңгелек үстелге Филология факультеті деканы Есіркепова К.Қ., Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қанапина С.Ғ., облыстық тілдер дамыту басқармасы, бөлім бастығы Бимағамбетов К.Ә., әлеуметтік тәрбие жөніндегі басқарма бастығы Наурызбаева А.Ж., орынбасары Айсина С.Т., кафедра оқытушылары, мамандық студенттері қатысып, жаңа латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жайлы жан-жақты талқыланды.