Семинар-тренинг «Шетел тілін меңгеруге арналған интерактивті әдістемелер»

2018 ж 20-шы ақпанда тілдер дайындығының оқу –тәрбие орталығымен апталық аясында әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинардың тақырыбы: «Шетел тілін меңгеруге арналған интерактивті әдістемелер». Тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы Қ.С.Қосқадамова осы семинар-тренингті жүргізді.

Семинардың мақсаты оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады. Қ.С.Қосқадамова семинарға қатысушыларды Германиядағы оқыту әдістерімен ойын арқылы таныстырды. Ол осы әдістерді өзінің сабағында қолданады. Оқыту процесінде ойын моделін пайдалану эмоционалды және ұтымды бірлікті қамтамасыз етеді. Ойын арқылы студенттің шет тілді оқытуда танымдық белсенділігі ынталандырады және бұл ойын түрі студентке көп мәлімет алуға, оны игеруге мүмкіндік береді. Мысалы топпен танысқан кезде «Cut your doll» ойынның жүргізуге болады. Бұл ойынның мақсаты: қатысушылар қуыршақтың барлық дене мүшелеріне өзінің есімін, өзінің арманың, өзі қалаған ісі туралы жазады. Сосын өзі туралы шетел тілінде таныстырады. Бұл ойынның соныңда студенттер өзінің тілектерін серіктестеріне жазып беруге болады.

Қуаныш Сулейменқызының тағы бір ұсынған тәсілі «Foldstory» деп аталады. Бұл тәсілде суреттерді қолдану арқылы әңгіме құрау керек. Осы тәсілде қимыл мен мінез-құлық тәсілдерінің қайталануы арқылы жүргізіледі. Осындай тәсілдерді қолдану барысында оқытушы өзіндік оқу-танымдылығын ұйымдастырушы , коммуникативті, оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастырушы болып табылады.

Осылайша, осындай қызықты тәсілдерді қолдану арқылы, шет тілі сабағанда тұлғалық-бағдарланған тәсілді іске асыру әрбір студеттің сөйлеу практикасын дамытуға мүмкімдік береді, топтың қатысушыларымен барлық материалдарды меңгеруге,оқушылардың коммуникативті құзыреттіліктерін дамытады.

Семинар барысында ол барлық қатысушылардың интерактивті практикалық тапсырмалардың орындалуында тығыз қарым-қатынасты ұйымдастыра алды. Семинар жоғарғы денгейде өткізіліп, қатысушылар жақсы баға берді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Семинар-тренинг «Шетел тілін меңгеруге арналған интерактивті әдістемелер»