Қостанайлық ақын Владимир Леонидович Растегинді еске алу күні

2018 жылдың 18 ақпан күні Қостанай Лев Толстой атындағы облыстық кітапханасының конференция залында «Ассоциации литераторов Северного Казахстана» ҚБ төрағасы, «Ковчег» әдебиеттік бірлестіктің ұйымдастырушысы мен басшысы - Владимир Леонидович Растегинді еске алу күні болып өтті.

Бұл күні, белгілі ақынның жылдығында, оның жақын достары, пікірлестері, өлкеміздің танымал авторлары оны еске алып, ақынға арналған өлеңдерін оқыды. Еске алу күнің ақынның досы Андрей Демидович ашты. Оны өткізуде «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының ҚМПИ студенттері де енжар қала алмады.

Ұстаз-жетекшісі ретінде, оны өте жылы сезіммен еске алып Марта Петрова өзінің өлең –естеліктерін ерекше ықыласылмен оқып шықты. Ол қазіргі таңда «Ассоциации литераторов Северного Казахстана» жұмысын басқаруда. Сонымен бірге, оның пікірлестерінің – Қостанай ақындарының да өлеңдері естілді – Анатолий Аркадьевич Корнеенко арқасында ақын өлеңдерінің 3 томы жарық көрді. Кездесуге Рудный қаласының және Затобол кентінің ақындары да келді: С.М. Онча, А.А. Удовицкий және басқалары. Олардың әрқайсысы В.Л.Растегиннің тұлғасы туралы жарқын естеліктермен, әрқайсының жаны мен жүрегінде қалдырған ізімен бөлісті.

Кездесуде В.Л.Растегин таңдаулы шығармаларының 3 томы жарық көрді.

Корниенко А.А. 2011 жылы В.Л. Растегинмен шығарылған өлеңдері кірген жинақты құрастыру тарихы туралы айтып берді.

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының бас оқытушысы, 2-4 курс студенттердің ғылыми-зерттеу тобының жетекшісі Мустакивмова Г.В. Еске алу күнінің қатысушыларына сәлемдесумен жүгінді. Ол ақынның достарына жаңа том шығаруға көмектескені үшін алғыс білдірді, біздің қаламыз үшін бұл кітаптың маңыздылығын ерекше атап өтті. В.Л. Растегиннің, қостанайлық ақындардың шығармашылығына қызығушылық студенттерді лингвистикалық зерттеулер жүргізуге шабыттандырады. Осылайша 4-курс студенттері Бондарь Елена және Рахимжанова Диана Растегин мен оның әріптестерінің шығармашылығына байланысты дипломдық жұмыс жасауда.

Кездесу барысында белгілі қостанайлық бардтың Владимир Пыжевскийдің өлеңдері естілді, танымал ақын мен досын еске алғанда, ол үздік өлеңдерін ерекше ықыласымен орындады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Қостанайлық ақын Владимир Леонидович Растегинді еске алу күні