Кураторлық сағат «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияндылығы»

15 ақпан күні 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттерімен куратор Матрешова А.И. «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияндылығы » тақырыбына арналған кураторлық сағат өткізді. Студенттер топтық жұмыс өткізіп- бір топ әлеуметтік желілердің жағымды жағын қарастырса, ал екінші топ жағымсыз жағын қарастырған болатын. Топтық жұмысты талдағаннан кейін презентациядағы жеке баяндамаларды қарауға кірістік.

Коновалова Ксения «Әлеуметтік желілердің тарихы» атты презентация дайындады, Twitter, Facebook, ВКонтакте, Instagram атты ең танымал әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуының хронологиясын көрсетті. Курпилянская Антонина мен Демина Екатерина «Әлеуметтік желілерге психологиялық тәуелділік» тақырыбына презентация дайындады,сонымен қатар кураторлық сағатқа қатысқан әр бір адам өзінің әлеуметтк желіге тәуелділігін тексерген болтын. «Әлеуметтік желілердің қаупі» тақырыбындағы баяндаманы Ирина Самохина баяндады, онда ол әлеуметтік желілердегі алаяқтар, лаңкестер туралы айтып берді және адамның жеке деректерін және қызығушылығын вконтакті желісі арқылы қалай білуге болатыны туралы мысал келтіріп, көрсетті.

Осыдан кейін топтық жұмыс жүргізілді - бір топ психологиялық тәуелділікке ие адамдар үшін тәжірибелік кеңестер дайындады, ал басқа топ әлеуметтік желілерді қауіпті болдырмау жөнінде ұсыныстар дайындады. Кураторлық сағат қызықты және өнімді болды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Кураторлық сағат «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияндылығы»