«Мәдениеттер диалогы» үйірмесі

7 ақпан күні серпін бағдарламасы бойынша оқыйтын студенттерге «Сіз жалғыз емессің» әлеуметтік жобасының аясында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша филология факультетінің бірінші курс «Мәдениеттер диалогы» үйірмесінің студенттері оқытушылар жетекшілігімен Конисарова Л.А. және Коваль О.В. кездесу өткізді. Бұл іс-шараны өткізу мақсаты ауызша және жазбаша тілді білу, қазақ және орыс халықтарының салт-дәстүрлері және мәдениетімен таныстыру, сөзді құрметтеуге, студенттер арасында байланыс мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараға жауапты студенттер сабақ өткізу формалары көрсетті: әңгімелесу, викториналар, КВН, жаттығу ойындары, кроссворды жасау, фильмдер, кітаптарды талқылау және т.б. болады деп түсіндірді. Дөңгелек үстелдің алғашқы кіріспе сабағында бір-бірімен таныстыру өткізілді, орыс тілінің қатысушылары өздері туралы атты, қызығушылықтарымен таныстырды, Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы соңғы жаңалықтарын талқыланды.

Кездесу соңында студенттер үйірме ұйымдастырушыларына қызығушылық туғызатын сұрақтар қойды. Қатысушылар 1-курс студенттеріне және ғылыми жетекшілерге осы үйірмені ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, осы кездесуге қатысуға қуанышты болды. 1 курс студенті Жұманова Ажамал, Абдигани Раушан, Шарападин Назым және тағы басқалар болашақта осындай жақсы жұмыс жалғасатынына сенім білдірді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Мәдениеттер диалогы» үйірмесі