«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
- Подробности
- Опубликовано: 13 февраля 2018
2018 жылдың 13 ақпанында сағат 11.00-де 520 дәрісханада топ кураторлары Г.А.Сейсембай және Д.А.Алиеваның ұйымдастыруымен филология факультеті «Қазақ тілі мен əдебиеті» жəне «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттеріне «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» тақырыбында әдеби-сазды кеш сипатындағы кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: жергілікті ақын-жазушылар шығармашылықтарын насихаттау, жастарды шығармашылыққа баулу, сөз өнерінің құдіретін ұғындыру, эстетикалық тәрбие беру.
Кешке жергілікті ақын Абылай Мауданов және «Қостанай таңы» газетінің тiлшiсi, журналист Қасқырбай Қойшыманов қатысып, студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беріп, танымдық, тәрбиелік мәні зор сұхбат құрды. Өз туындыларымен таныстырып, ақындық өнер, шығармашылық туралы ой толғады. Кеш барысында өнерлі студенттер тарапынан ақындардың өлеңдері оқылып, композияциялық қойылымдар да қойылды.
Танымдық та, тәрбиелік те мәні зор, мазмұнды кездесу қонақтардың да, қатысушы студенттердің де көңілінен шықты.