2018 жылдың 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері кафедрасының апталығы шеңберінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Барлығы үшін сізге алғыс...» тақырыбындағы шығармалардың интернет-сайысы өтті. Сайыстың мақсаты-жас ұрпақты рухани және жанұялық құндылықтарды, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға қабілеттендіру, сондай-ақ, алдағы уақытта облыс пен қала аумағының білім беру мекемелерімен өзара біріккен қарым-қатынас орнату.
2018 жылдың 2 наурызында Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Ілияс әлемі» дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин өмірлері мен әдеби мұраларын насихаттау мақсатында әртүрлі номинациялар бойынша байқаулар ұйымдастырылды. Фестивальге қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сейсембайдың жетекшілігімен барған студенттер жүлделі орындармен оралды.
2018 жылдың 2 наурызында дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінде «Талантливый учитель – одаренным детям» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткен болатын. Олимпиаданын мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық қабілеті мен өзін – өзі дамытуы үшін жағдайлар жасау. Жас педагогтар өздерінің педагогикалық жобаларын ұсынып, өзін – өзі таныстырды, сонымен қатар педагогикалық тәжірибесі бар портфолионы ұсынды.
Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс берушілермен байланыс бойынша 2018 жылы 01 наурызда Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдері 3 курс студенттеріне тәжірибе алмасу мақсатында коучинг өткізді. Коучингті Қостанай қаласы № 8 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салыкова Әсел Дарияновна №1 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимова Эльмира Ерсалимовна және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері өткізді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 наурыз күні «Мейірімділік - асыл қасиет» деген тақырыпта кеш өткізілді. Кеш барысында алғыс айту күніне орай студенттердің арнайы қойылымы көрсетілді. Қойылым барысында, студенттер өз өнерлері арқылы мейірімділік пен адам бойындағы ізгі қасиеттерді дәріптеді. Студенттер атынан 3 курс студенті Жарбосина Махаббат Наурызбайқызы өзінің мақамды жырларымен ұстаздардың жүрегін елжіретті. Актер студентіміз Даулетхан Айбарыс өз шығармашылығынан жыр шумақтарын ұсынды.
Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада 28ақпан күні «Бабалар сөзі» кітабының тұсау кесер салтанатты мерекесі өтті. Бұл іс – шараға біздің факультеттің 2 курс студенттері мен ф.ғ.к., доцент Мырзағалиева К.М қатысты. Іс – шарада К.М.Мырзағалиева баяндама оқып, студент жастарға 100 томдық мұраның құндылықтарын түсіндіріп, осындай игі бастаманы іске асырған «Мәдени мұра» бағдарламасының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Бұл жинақта адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттаумен қатар, жас ұрпақты ата-баба құндылығын ұмытпай, оны келешекке мұра ретінде жеткізуге үндейді.
28 ақпан күні өңірлік "Рухани жаңғыру" жобалық офисі №138 кабинетінде "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы 1 курс орыс бөлімінің 13,14,15-АР топтарымен "Рухани жаңғыру – болашақ кепілі" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары: шет тілі кафедрасының доценттері ф.ғ.к. Нұрмұхаметова Қ. Т. Безаубекова А. Д. Дөңгелек үстелдің қонақтары ретінде: академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер, оқу ісі жөніндегі проректоры– Мусабекова Гульвира Айдархановна, оқу-әдістемелік басқарма бастығы - Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевна, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі - . Соловьева Наталья Анатольевна, "Рухани жаңғыру"өңірлік жобалық офисінің бас менеджері - Нұрбек Елікбайұлы Әбдібеков.
Республикалық олимпиадаға орыс тілі жəне адебиетінен қатысушы үміткерлерді жинау аяқталды. Оқытушы Пчелкина.Т.Р жəне Мустакимова. Г.В мен қарқынды жұмыс қатысушылардың білімдерін жүйелеуге, мəтінді түзету тəжірибесін күшейтуге көмектесті. Көп қиындық тудырған тапсырмалар шешендік өнермен байланысты болды. Қатысуды қалай дұрыс ұйымдастыру қажет, тыңдаушылардың көңілін аудару, ойыңды тура жеткізу, ой- өрісіңнің кеңдігін қалай байқату қажет? Осы жəне тағы басқалар жайында дайындық барысында қызықты əңгіме өрбіді. Біздің топқа шығармашылық табыс, ұйымдастырушылық қабілет жəне жеңіс тілейміз!
26 ақпан күні "Жүректен журекке " жобасының жетекшілері Пчелкина Т. Р жəне Матершова А.И " Мейірімділік- əлемді құтқарады " деген тақырыпта эссе сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты - студенттердің əлеуметтік белсенділіктерін маңызды қоғамдық мəселені қозғау арқылы қалыптастыру. Сайысқа 22 студент қатысты. Студенттерге 3 тақырып ұсынылды: "Біз кімді үйретсек, соған жауаптымыз" , "Мейірімділік - жанның шуағы" , "Мейірімділік, оны əрдайым жасаған жерде көрінеді ( Қостанай мейірімділік іс - шарасын ұйымдастырушылардың əрекеттері жайлы ) ".
2018 жылдың 23-25 ақпан күндері Қостанай қаласында Startup Bolashak: "Meнiң Арманым"атты республикалық байқаудың іріктеу кезеңі өткізілді. Байқау «Болашақ» қауымдастығы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Фондының ұйымдастырушыларымен жүргізілді. Бизнес – жобалар байқауының жүлде қоры 30 млн. теңгені құрайды. Байқауға Қостанай облысы бойынша 200-ден астам адам өтініш берген, соның ішінен 33 проект жартылай финалға өтті. Осы жобаларды әзірлеген топтар мамыр айында Астана қаласына барады. Ал байқау жеңімпаздары қаржылай марапатталып, «Хабар» арнасындағы телевизиялық шоуының бас кейіпкері ретінде шақырылады.